Математика пәнінен "Оң сандар, теріс сандар. Координаталық түзу" тақырыбына презентация

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

Математика пәнінен "Оң сандар, теріс сандар. Координаталық түзу" тақырыбына арналған презентация ұсынылады. Презентацияда түрлі тапсырмалар реті көрсетілген. 

Мақсаты:      

- Оң және теріс сандарды бір –бірінен ажырата білу, кейбір шамалардың сан мәндерінің оң санмен немесе теріс санмен жазуды үйрену, координаталық сәуледе оң және теріс сандарды белгілеуді айқындау;

-күнделікті  қоршаған ортадан мысалдар келтіре алу, оң сандар мен теріс сандарды өлшеу, есептеу жұмыстарында пайдалана алу;

-оң және теріс сандарды, координаталық түзуді меңгеруде сыни ойлап, тұжырым жасау;

Оқып үйренудің нәтижесі:

-оң және теріс сандарды бір –бірінен ажырата біледі, кейбір шамалардың сан мәндерінің оң санмен немесе теріс санмен жазуды үйренеді, координаталық сәуледе оң және теріс сандарды белгілеуді үйренеді;

күнделікті  қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады, оң сандар мен теріс сандарды өлшеу, есептеу жұмыстарында пайдалана алады;

-оң және теріс сандарды, координаталық түзуді меңгеруде сыни ойлауын қалыптасып, тұжырым жасай алады.

Қолданылған модульдері: диалогтік оқыту, сын тұрғысынан оқыту, ОүБ және ОБ, АКТ қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Жүректен жүрекке», «Миға шабуыл», «Түртіп алу», Сергіту сәті, «Білемін, үйрендім, білгім келеді..», жұптық, топтық жұмыстар.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 4.3 Mb
Количество скачиваний: 48
Просмотров: 296

Похожие материалы