Математикадан "Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар" сабағының жоспары
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Рахметжанова Анар Амангельдиновна
|
Тақырыбы: Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Мақсаты: көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
Сабақтың типі:жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық,амандасу, түгендеу
Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге білдірейік
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Көркем жазу минуты. 5 жүздік, 3 ондық, 1 бірлігі бар санды жазыңдар.
( 531, 513, 351, 315, 153, 135). Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(531,135).
2. № 1. Кестеде жазылған сандарды оқы. Әр санның разрядтық қосылғыштарын ата. Ауызша жұмыс.
Жүздіктер
Ондықтар
Бірліктер
5
0
6
4
1
7
2
0
9
9
9
1. Математикалық диктант. Мына сандарды жазыңдар.
- 2 жүздік
- 4 жүздік, 2 бірлік
- 7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік. (200, 402, 756, 900, )
- Алдыңғы сан 897; (896)
- Келесі сан 389; (390)
- 5 ондық, 7 бірлік; (57)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 35.9 Kb |
Количество скачиваний: | 63 |