Математикадан сабақтың тақырыбы:"Ондықтан аттау арқылы қосу және азайту тәсілдерін енгізуге дайындық "

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Ондықтан аттау арқылы қосу және азайту  тәсілдерін енгізуге дайындық деп аталады. Білімділік мақсатын бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу және азайтудың жалпы тәсілдерімен таныстыру, есептеу дағдыларын дамыту және шапшаң есептеуге баулу деп алдым.Сабақты  Мәні 10, 8, 6, 9 … болатын қосуға берілген өрнектерді кім көп атайды? деп, «Ақ тиін мен саңырауқұлақ» ойынын ойнаттым. Балаларға ақтиіннің қыста саңырауқұлақтар қорын жинайтыны жайында әңгімелеп бердім. Ақтиін өзінің азығын ешқашан бір ағаштың қуысында  сақтамай, екі үш ағаштың қуысына жинайды. Ақтиін  (мұғалім ақтиіннің суретін көрсетеді) күніне жеті саңырауқұлақтан кептіреді де, (санын өзгертуге болады) екі ағаштың қуысына жасырады. Сонда ақтиін әр ағаштың қуысына қанша саңырауқұлақтан жинайды?  Кім ақтиін болғысы келеді? Ақтиін бірінші күні саңырауқұлақтарды қалай бөліп салуы мүмкін? Екінші күні ше? Үшінші күні ше? деген сұрақ беріп,сандар құрамын қайталаттым.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.16 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 194

Похожие материалы