"математикалық апталық" презентация

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Бағдарламаның мақсаты- оқушының логикалық қабілеттерін және шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіріп, өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Логикалық тапсырмалар арқылы жеке зейінін дамыту және қалыптастыру;

-Назар аудару, елестету, есте сақтау, сұрыптау;

-Ойша тұжырымдама жасау;

4 «Б» класс оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай, қосымша бағдарлама аптасына -1 сағаттан, жылына – 34 сағат берілді.Сабақ кестесінде аптаның 6-шы күндері өтеді.

2013-2014 оқу жылының басында 12 оқушы қатысты. Қыз-7, ұл-4. Оқу жылының аяғында 11 оқушы аяқтады.

«Логикалық есептеулер» қосымша сабағында оқушыларға әртүрлі есептер, ребустар, математикалық жұмбақтар, санамақтар құрастыра отырып, киелі сандардың сырын ұғынды.

Сандарды 10, 100, 1000-ға көбейту және қалдықпен бөлуге есептер шығаруға дағдыланды. Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа берілген есептерді шығару тәсілдерін меңгерді. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептерді шешіп үйренді.

Фигуралар туралы білімдері кеңейіп, құрама есептерді, теңдеулерді, масса бірліктерін пайдаланып, оқу құралдарының, әртүрлі заттардың салмағы дағдылары қалыптасты.

Әр тоқсан соңында оқушылардан тест тапсырмалары алынып, білімдері тексерілді.

Сабақта оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу мақсатында топқа бөліп, «Бастауыш көшбасшысы» сайысы өткізілді. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындай отырып, оқу-білімге қызығушылығын арттыру жұмыстары жүргізілді.

Оқу жылының соңында оқушылардың шығармашылық қабілеттері, есте сақтау, қиялдау қабілеттері кеңейді. Геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын меңгерді.Комбинаторлық тапсырмалар орындай алатын нәтижеге жетті.

Қорытындылай келе, оқушылар қосымша сабақтарды толығымен меңгерді.

Класс жетекшісі: Қобанова С.А.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.75 Mb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 190

Похожие материалы