«Математикалық Бинго» интеллектуальдық ойыны

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

Тақырыбы: «Математикалық Бинго» интеллектуальдық ойыны

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.

Типі: Ойын түрінде

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математикалық Бинго» ойынына қош келдіңіздер!

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасы мен таныс болайық.

1.Сариева Гулбаршын

2.Мектепова Лиза

3. Ещанова Гулбану

Бүгінгі кештің жоспарымен таныс болайық:

«Математикалық Бинго» интеллектуальдық ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.

1. Іріктеу кезеңі (менің қойған сұрақтарыма қолдарыңыздағы номерленге жетондарды көтеру арқылы дұрыс жауап беріп, қатысушы студенттер Бинго билеттерін сатып алу қажет.)

2. Логикалық сұрақтар (Бұл кезеңде интерактивті тақтадағы қобдишадан цифрланған жетондарды алу арқылы қойылатын 1-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді, сол сұраққа дұрыс жауап берген ойыншымыз билеттегі цифрларды қоршайды, кім көп сұраққа жауап берсе сол осы турдың жеңімпазы.)

3. «Сандар әлемі» мақал – мәтелдер жарысы (Бұл кезеңде де интерактивті тақтадағы қобдишадан кездейсоқ номерленген жетондарды алу арқылы қойылатын 2-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді)

4. «Математикалық жекпе – жек» (Бұл кезеңде де интерактивті тақтадағы қобдишадан кездейсоқ номерленген жетондарды алу арқылы қойылатын 3-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді)

5. «Көрермендермен ойын» (Әділқазы мүшелері номерленген жетондарды қоржыннан алу арқылы көрермендердің қолындағы жетондармен сәкес адамды ортаға шақырамыз. Ол ойыншы кубикті лақтыру арқылы өзіне сұрақ таңдап алады егер сұраққа жауап берсе, сол сыйлықты иемденеді.

- Олай болса іріктеу кезеңімізді бастаймыз.

Іріктеу сұрақтары:

1.Шеңбер нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)

2. Сәуленің ұшы бола ма? (ия)

3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)

4. Тік бұрыштан кіші бұрыш? (Сүйір)

5. Қосудың теңдігі ? (қосынды)

6. Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)

7. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)

8. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

9. Метрде қанша сантиметр бар? (100)

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 838.19 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 153

Похожие материалы