Математикалық дәмхана

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
“Математикалық дәмхана ” атты сайыс. Мақсаты: Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту. Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктері: ойын тақырыбына байланысты плакат, математикаға байланысты нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу. Ойын барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау. II. Ойын жоспары: Командаларды таныстыру, сайыс тапсырмалары: Ас мәзірі: «Мәңгі ұмтылмас» салаты «Математикалық винегрет» «Біздің столдан сіздің столға» «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ «Рагу» «Математикалық рулет» «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ» «Мерекелік шашу торты» «Мезим» III. Жеңістерді анықтау, марапаттау. Сайыс барысы:Есепті түрлі – түрлі шығарамыз, Арасында ойын ойнап жарысармыз. Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар, Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар. Олай болса, бұл не тұрыс, Кешімізді біз бастайық.Әділ бағаға қалтасы толы, Әділ – қазыларды ортаға шақырайық! (Әділ – қазы алқасымен таныстыру)  Сіздерден кафенің «Бухалтерлік мекеме» - деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз! Сонымен қатар есепшілер: Есепшілерді таныстыру. Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем! Математика – бұралаңсыз нақты ілім, Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін. Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір, Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – депМектебімізде өтіліп жатқан «Математикалық дәмханаға» хош келдіңіздер демекпін! Біздің дәмханамызда бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдермен сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар! 6 «а» сыныбындағы «Сәуле» тобын халайық,6 «ә» сынып оқушыларынан құралған «Интервал» атты тобын ортаға шақырамыз!ортаға 6 «б» сыныбы «Кесінді» тобын шақырамыз!Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңіздің үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер!Сондай – ақ бұл кафеде математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің кафенің таңсық тағамдарына тамсанып, сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін! Кафе мәзірінен колориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге біздің кафеде өз қызметін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар мен бармендер әрқашан да сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді, және де осы ішкен астарыңыздың ақысын қалай өтемексіздер! Ендеше, өздеріңді таныстырып өтсеңіздер! Бұл бөлімде таныстырумен қатар, әр топ өздерінің тобымен таныстыра отырып, өздері дайындаған газет немесе буклеттерін таныстырып өтуі тиіс. Таныстыру сайысы бойынша сөз кезегі әділ – қазы алқасына беріледі. Ал, ендеше құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық!1 – сайыс: Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмтылмас» салатын ұсынамыз.Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап бір балмен есептеледі.Сұрақтар: 6 «а»-сынып: Ол оқушы құралы, Қатені түзетіп тұрады. (Өшіргіш) 6 «ә»-сынып: Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай) 6 «б»-сынып: Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл - Фараби) 6 «а»-сынып: Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? (бұрыш) 6 «ә»-сынып: Қар жауғанда жауатын ақшақардың формасы қандай фигураға негізделген? (алтыбұрыш) 6 «б»-сынып: 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең) (Әділ – қазы бағасы)2 – сайыс: Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте «Математикалық винегрет» ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар! Сіздерге ұсынылған тағамда бейнеленген геометриялық фигуралар қандай да бір әріпке сәйкес келеді. Қоршауда тұрған фигуралардың орнына осы әріптерді қойсақ қандай сөз шығады екен? Ол нені білдіреді? Жауап іздеп көрелік. Кім тапқыр? Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. (Математика ми гимнастикасы) Енді әр топтың жауабын тыңдалық.  Кезекті үй тапсырмасына берілген 6-сыныптың Дуйсенбаева  Актолкынның орындауында  өзбек  биіКешіміздің соңғы сәті таяп қалды, Ал, қазір әділ-қазы сөз алады. Кешіміздің жеңімпазын анықтап, Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады. Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.46 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 152

Похожие материалы