Здесь была ссылка на работу »Miss mathematics-2014» автора Абенова Нурайм Орманбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мектебімізде жыл сайын пәндік апталық өткізу дәстүрге айналған.Биылғы жылы 21-28 қаңтар күндері «Математика-ғылымдар патшасы,информатика-ақпаратану ғылымы,технология-іскелік пен шеберлік мектебі» деген тақырыппен апталық жұмысы жүрзілді.Апталық барысында әр пән мұғалімі өзіне тиісті бірнеше іс-шаралар өткізеді.Мен оқушылардың математикалық терминдерді үш тілде меңгеру қажеттігін түсіну мақсатында «Miss mathematics-2014» атты қыздар арасында сайыс өткіздім «Miss mathematics-2014» /7а,7б-сынып қыздар арасындағы математикалық сайыс/ Барысы: 1-жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті көрермендер! 2-жүргізуші:Бүгінгі «Miss mathematics-2014«атты математиканы жақсы көретін,есептерін көзді ашып-жұмғанша шешіп тастайтын есепке жүйрік қыздар сайысына қош келдіңіздер! 1-жүргізуші:Мен математик қыздарға қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жайраңдаған. « Білімді қыздар өссе,ел-ырысы «деген сөзді Қапысыз қалай айтқан ,қайран бабам. 1-жүргізуші:Өнер-білім-тапқырлықтың тарланы, Сабақтағы құрбылардың мақтаны. Біліміңді,өнеріңді ортаға сал,сайысқа, Өнер көрсет,аруларым жарыс та. 2-жүргізуші:Есеп шешу сайысына билей басып, Келеді міне,ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! 1-жүргізуші:Үміт қыз өнерлі Бойға өнер жиған қыз. 2-жүргізуші:Сезім қыз білімді Меңгерген бар ғылымды 1-жүргізуші:Нафиса қыз елгезек Шығарады тез есепті. 2-жүргізуші:Ақша бетті Аймереке Ұқсайды Әл-Хорезми қызына 1-жүргізуші:Әсел қыз шығады Қиын-қиын есептерді шығарып. 2-жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық, Математик аруларға тамсанайық Әділдік пен шындықты арқа тұтқан Әді-қазы алқасымен танысайық. 1-жүргізуші:Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерлерін көрсетеді. Сайысымыз 9 сынақтан тұрады. 1-сынақ: Сәлемдесу,өзін-өзі таныстыру 2-сынақ: «Тапқырлық» (үш тілде жұмбақ шешу) 3-сынақ: «Білімділік» (сұрақ-жауап үш тілде) 4-сынақ: «Математикалық сиқырлар» 5-сынақ: «Ұшқыр ой» (суреттегі оюды салып қиып көрсету) 6-сынақ: «Математикалық лото» ойыны 7-сынақ: «Қызықты санамақ» (суреттегі фигураларды көрсетілген тәртіппен санап шығу) 8-сынақ: «Ойымды жалғастыр» 9-сынақ: «Математикалық сән үлгілері» 2-жүргізуші:Кел, достар, бастайық, Бастайық қыздар сайысын. Қызықтан еш адам, Қалмасын кұр қалып. 1-жүргізуші: Көңілге түй сен мұны, Әр қызымыз – ел гүлі. Бақытты елде туғаның Есіміңнен белгілі.(сәлемдесіп өздерін таныстырады.) 1-сынақ: Сәлемдесу,өзін-өзі таныстыру....