Математикалық турнир, 7-8 сынып
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Бегасилова Зауре Тойлыевна
|
Сабақ жоспары
Пән: математика
Сынып: 7-8
Пән мұғалімі: Бегасилова Зауре Тойлыевна
Тақырыбы: Математикалық турнир
Мақсаты: оқушылардың математикадан алған білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Көрнектілігі: кестелер, ребустар, магниттік тақта, музыкалық центр
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Мұғалім ойынды бастайды
2. Әділ қазылар өз орындарына отырады
3. Жанкүйерлер мен қонақтар сынып бөлмесіндігі орындарына отырады
Кіріспе
- Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқущылар 7 және 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін математикадан «Математикалық турнир» атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-тур. «Алғырлар» мен «Тапқырлар» топтарының өз мүшелерін таныстыруы, ұраны
«Алғырлар» топ жетекшісі
Асыл тастан
Өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса
Халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Ұраны: «Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл,
Қарсыластарда сайыстарда жеңе біл»
«Тапқырлар» тобының жетекшісі
Бұл шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден
Сан мыңдаған жастар өсті
2-тур. «Кім жылдам» ойыны
3-тур. Үй тапсырмасы «Сен маған, мен саған»
4-тур. «Ұлы математиктер» 1 минутта аттарын тақтаға жазу керек.
5-тур. Капитандар жарысы
Көрермендермен ойын
Жұмбақтар шешу
1. Бір мүйізі бар
Үстінде киізі бар
2. Бір үйде тұрады екен елу батыр
Үй сыртында сүйкенсе-ақ өліп жатыр
3. Алпыс кісі аяқтасты
Ерте тұрып таяқасты
6-тур. Сан ретін тап ойыны, цифрларды ретімен қойғанда Нақыл сөздер шығу керек.
7-тур. Геометрияға саяхат
1. Геометрия деген не?
2. Планиметрия деген не?
3. Жазықтықтағы негізгі геометриялық фигураларды ата
4. Бұрыштардың түрлерін ата
5. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы қаншаға тең болады?
6. Қандай үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп аталады
7. Глобус қандай геометриялық фигураны елестетеді?
8. Аксиома деген не?
9. Тұрмыста қандай геометриялық фигулаларды білесің?
10. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?
8-тур. Өнер сайысы
Қорытындылау.
- Сонымен біз Математикалық турнир сайысын аяқтадық, енді әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 33.5 Kb |
Количество скачиваний: | 45 |