Матрицалық принтерде көрiнiс нүктелерден қалыптасуына байланысты, графикалық және мәтiндiк режимде жұмыс iстей алады
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Ержанбек Асылбек Ержәнібекұлы
Здесь была ссылка на работу Матрицалық принтерде көрiнiс нүктелерден қалыптасуына байланысты, графикалық және мәтiндiк режимде жұмыс iстей алады автора Ержанбек Асылбек Ержәнібекұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Матрицалық принтерде көрiнiс нүктелерден қалыптасуына байланысты, графикалық және мәтiндiк режимде жұмыс iстей алады Матрицалық принтерлер графикалық және мәтiндiк режимде жұмыс iстей алады. Мәтiндiк режимде принтерге басуға тиiстi символдар коды берiледi, бұл кезде символдардың контурлары принтердiң белгi генераторынан алынады. Графикалық режимде принтерге көрiнiс нүктелерiнiң тiзбегi мен орын анықтайтын кодтар жiберiледi. Инелi (екпiндi) матрицалық принтерлерде нүктелердi басу қағазды бояулы таспа арқылы ұратын жiңiшке инелермен жүзеге асады. Әр ине өз электромагнитiмен басқарылады. Басу торабы горизонталь бағытта қозғалады және жолдағы белгiлер тiзбектеле басылады. Көптеген принтерлер тiк жүрiсте де керi жүрiсте де басады. Басатын бастағы инелер саны басу сапасын анықтайды. Қымбат емес принтерлерде 9 ине болады.мүндай принтерлердегi символдар матрицасының өлшемi 7х9, 9х9 нүкте. Жетiлдiрiлген матрицалық принтерлерде 18 және 24 ине болады. Матрицалық принтерлердiң басу сапасы сондай-ақ нүктелердi басу процесiнде басатын бастың бiрнеше жүрiсi алдында жартылай жабу арқылы шығару мүмкiндiгiмен анықталады. Мәтiндiк басу үшiн жалпы жағдайда басудың сапасының түрлiлiгiмен сипатталатын келесi режимдер бар: - қаралай басылым режимi (Draft); - типографиялыққа жақын басу режимi (NLQ – Near-Letter-Quality); - типографиялық сапалы басу режимi (LQ – Letter-Quality); - аса сапалы режим (SLQ – Super-Letter-Quality); Ескерту. LQ және SLQ режимдерi тек құйылма және лазерлiк принтерлерде мүмкiн. Ине саны әртүрлi принтерлерде бұл режимдер әрқалай жүзеге асады. 9 инелi принтерлерде Draft режимiнде басу басушы бастың бiр жүрiсiнде орындалады. Бұл басудың ең жылдам режимi, бiрақ сапасы ең төмен. NLQ режимi екi жүрiсте iске асады: бiрiншi жүрiстен кейiн қағаз нүктенiң жартылай өлшемiне тең қашықтыққа созылады; содан кейiн нүктенi жартылай жаба отырып, екiншi жүрiс жасалады. Бұл кезде басу жылдамдығы екi есе азаяды. Матрицалық принтерлер, әдетте, бiрнеше шрифт пен олардың түрiн қолдайды, олардың iшiнде кең тарағандары roman (баспа машинасының ең ұсақ шрифтi), italic (курсив), bold-face (жартылай жуан), expanded (созылған), elite (жартылай қысылған), condenced (қысылған, тығыздалғын), pica (тiк шрифт – цицеро), courier (курьер), san serif (қиылған сенсериф шрифтi), serif (сериф), prestige elite (престиж-элит) және пропорционалды шрифт (символға берiлген жер енi символдың енiне байланысты). Матрицалық принтер жұмысының режимiн ауыстыру программалық түрде де, аппараттық түрде құрылғыларда бар пернелер және/немесе ауыстырып-қосқыштың сәйкес қойылуы арқылы жүзеге асады. Матрицалық принтерлердiң мәтiндi Draft режимiнде басу кезiндегi жылдамдығы секундына 100-300 символ шегiнде болады, бұл шамамен минутына 2 беттен (беттердiң ауыстырылуын ескере отырып) келедi.