Медитация на тему "Сәлеметсің бе Мен."

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Медитация

«Сәлеметсің бе, МЕН! Менің ең сүйіктім!!!»

(мұғалімдерге арналған психологиялық жұмыс)

Жер, адам, ғарыш бір-бірімен тұрақты байланыста болғандықтан да, тіршіліктің жалғасуы да осы үш тұлғаның өзара тәуелділік байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бұнда барлық жүйелік қызметі ой мен сананың басқаруында болады да, сезім арқылы реттеліп отырылады. Мұндай үш жақтылы байланыс пен реттеу тәсілін ғылыми түрде медитациялық жүйеге жатқызады. Осы заманғы салауатты өмір сүруде дәрісіз емдік шипаның жаңа түрі – медитациялық емдік тәсілі де, әлемнің көптеген елдерінде де дами бастады. Оның ерекшелігі бұл көне шығысты4 психотехникалық әрі шаршағандықтың әсерін жоюдың әдіс-тәсілі болғандықтан, адам бір уақыт дене ағзаларын ішкі және сыртқы күштерден босатып, өзін-өзі иландырып жеке сырқатын емдеуді де жүзеге асыра бастады.

Медитация әдісі денсаулыққа зияны жоқ құпия тәсіл. Әрі қарапайым, табиғи күшті көп қажет етпейтін ой арқылы жүзеге асырылатын емдік тәсіл. Медитациялық емдік тәсіл орын талғамайды, кез-келген жерде қабылдай беруге болады.

Медитация техникасының басты ерекшелігі – әсіресе, жүрек қан тамырлары ауруларының, тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту органдарының, созылмалы бас ауруларының, ұйқы қашудың, буынға тұз байланудың тағы басқа да ауруларға емдік пайдасы бары дәлелденуде. Медитация кезінде адам санасы, яғни миы өте терең тынығу жағдайында болады. Осының нәтижесінде денедегі барлық сезу мүшелері рахаттанып тынышталады. Ой мен сананы тазалайды.

Мұғалімдермен өткізген медитация жұмысынан кейін олардың денесінде жаңа күш- қуат пайда болып, сергектік сезіліп, жұмысқа ынталары артқаны байқалды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 763.45 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 81

Похожие материалы