«Механика есептері» 10 сыныпқа арналған элективті курс жоспары

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«Механика есептері» 10 сыныпқа арналған элективті курс  жоспары

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1.      Физикалық есептерді шешу ережесі және шешу жолдары.

Есептердің классификациясы  2 сағат

1

Есептерді құруға арналған негізгі талаптар.  Физикалық есептерді шығару кезеңдері.Текспен жұмыс жасау. Есеп шығару кезінде есептеу техникасын қолдану ережесі

1

 

2

Физикалы есептерді мазмұнына,шығару жолына,берілу жолына қарай топтау.Физикалық есептерді шешу кезеңдері. Өлшем бірліктерді ретке келтіру. Сапалық және сандық есептер

1

 

2.Механика 1 сағат

3

Механика деген не? Ньютонның классикалық механикасы және оны қолдану шекарасы

1

 

3. Кинематика 14 сағат

4

Дене және нүкте қозғалысы. Нүктенің бірқалыпты түзу сызықты қозғалысының теңдеуі

1

 

5

Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс. Жылдамдық. Координата графигі. Жол. Орын ауыстыру

1

 

6

Орташа жылдамдық. Қозғалысты жазықтықта бейнелеу

1

 

7

Кинематика есептерін шығару жолдары

1

 

8

Үдеу

1

 

9

Бірқалыпты үдемелі қозғалыс графигі

1

 

10

Тұрақты үдеумен қозғалған дене теңдеуіне есептер шығару

1

 

11

Кинематика есептерін аналитикалық және графиктік түрде шешу

1

 

12

Еркін түсу

1

 

13

Горизонтқа бұрыш жасай лақтырған дене қозғалысы

1

 

14

Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс

1

 

15

Тангенциал,нормаль және толық үдеу

1

 

16

Бұрыштық жылдамдық және үдеу

1

 

17

Қозғалыс салыстырмалылығы

1

 

 

4. Динамика 11 сағат

 

 

18

Инерциальды санақ жүйесі. Күш. Ньютонның бірінші заңы

1

 

19

Күш пен үдеу арасындағы байланыс.Масса. Ньютонның екінші заңы

1

 

20

Ньютонның үшінші заңы. Механикадағы салыстырмалылық принципі

1

 

21

Табиғаттағы күштер. Бүкіләлемдік тартылыс күші.

1

 

22

Ауырлық күші. Ауырлық центрі

1

 

23

Жасанды серіктердің қозғалысы. Ғарыштық жылдамдықтар

1

 

24

Деформация. Серпімділік күші.

1

 

25

Дене салмағы. Салмақсыздық және асқын салмақ

1

 

26

Ауырлық және серпімділік күші әсерінен болатын деформация.

1

 

27

Үйкеліс күшінің  табиғаты және түрлері

1

 

28

Дененің сұйық пен газдағы қозғалысы кезіндегі кедергі күші

1

 

5. Деформацияланған дене механикасы 6 сағат

29

Қатты дененің сұйық пен газдан ерекшелігі. Қатты дене деформациясы. Қатты дененің механикалық қасиеті

1

 

30

Газдар мен сұйықтардағы қысым.Паскаль заңы

1

 

31

Архимед заңы

1

 

32

Гидродинамика. Бернулли теңдеуі

1

 

33

Ұшақтың қанатының көтеру күші.

1

 

34

Қорытынды сабақ

1

 

 

 

 

 

 

 

Орта мектептің механика курсы бойынша есептер шығарудың элективті курсы

бағдарламасы

 

Түсінік хат

 

10 сынып

Апталық сағат саны: аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Білім беру аймағы: «Физика».

Профиль: жаратылыстану-математика бағыты

            Адам өміріндегі шығармашылық, ізденіс әрекеттері түрлі есептерді шешумен тікелей байланысты. Оның ішінде,  оқушылардың оқып- үйрену процесінде - табиғаттың жалпы, және ең бастысы – іргелі де, негізгі заңдарын қарастыратын физика ғылымы есептерін шығару - түрлі ғылыми тәжрибелер мен жобаларды қою мен қорғау тәрізді аса маңызды  болмақ.

      Есеп шығару: зор күш- қуатты, энергияны, талмас- жігерді талап ететін жоғары деңгейдегі - ақыл- ой жұмысы. Ол тек жүйелі білімді ғана емес, түрлі іскерлік- дағдыларды, зор интуициялық ойлау қабілеттілігін талап етеді және бұл реттегі ең шешуші жәйт- осы қасиеттерді ұштап жетілдіреді, шыңдайды. Бұл ретте негізгі құралы математика болып табылатын- физика ғылымы есептерін шығарту - қазіргі заман талабы- білім сапасын көтеруде зор роль атқарса, екінші жағынан қымбат құрал- жабдықтарды талап етпейтін, мұғалім қолындағы аса тиімді де, шешуші оқыту әдісі болары сөзсіз. Ал, эксперименттік есептерге келетін болсақ, олардың әрқайсысын оқушы үшін кіші- гірім зерттеу іс- әрекеті ретінде алуға болады.

     Бұл ретте, физиканың жеке ғылым ретінде алғашқы қалыптасқан салаларының бірі- Механика курсы заңдылықтарын, оның есептерін шығаруды терең оқып- үйрену – осы мақсаттарға сай келетініне ешкім күмән келтірмесе керек. Өйткені негізгі ұғымдары мен заңдары және теңдеулері - физиканың барлық қалған бөлімдерінде кеңінен қолданылатын механиканы, дәлірек айтсақ оның есептерін шығаруды терең меңгермейінше физика пәнін сапалы оқыту мүмкін еместігі анық. Сонымен қатар, салыстырмалы түрде алғанда, механика ғылымында қарастырылатын  денелер қозғалысы- оқушы түсінігіне жеңіл, логикалық қонымды, тіпті ойша қарастырылған жағдайдың өзінде табиғи жақын болып келетіні анық.

Курс мақсаттары:

Физика пәні есептерін шығарудың жалпы заңдылықтары мен дұрыс мәдениетін қалыптастыру.

Ұсынылған арнайы есеп шығару алгоритмі негізінде механикалық құбылыстардың сыр- сипатын дұрыс және толық ұғынуға бағыттау. 

Физика пәнінен жалпы теориялық білімдерінің тұрақты қолданыста болып, сапалы игерілуін қамтамасыз ету

Өз бетімен жұмыс жасау- іздену дағдыларының, интуициялық ойлау қабілеттіліктерінің қалыптасуына ықпал ету.

Физика есептерін шығару процесінде түрлі математикалық амалдарды қолдана білу шеберліктерін шыңдау.

Физиканың қалған бөлімдерін сәтті оқып- үйрену мақсатында механика бөлімін терең меңгерту.

Курс міндеті:

Оқушының механика курсы жөніндегі теориялық білімі мен нақты практикалық есептер мазмұны арасындағы табиғи бірлікті түсінуді қамтамасыз ету және оның негізінде классикалық механика заңдары арқылы әр есеп жағдайында ОМ- тің механика курсының негізгі есебін шеше білуге жетісу.

Физикалық теорияны оқып- үйренуде, оның мағынасын терең деңгейде меңгеруде механика курсы есептерін шығартудың ерекше мәнділігіне әр оқушының көзін жеткізу.

 

Механика курсы бойынша есептер шығарудың элективті  курсы сабақтарының бағдарламасы.

Кіріспе (2c)

     Математика- физика ғылымының басты құралы. Функция және пропорциональдылық. Скаляр және векторлық шамалар, оларға амалдар қолдану.   Физикалық шамалар, оларды өлшеу. ХБЖ-сі: негізгі  және туынды бірліктер.  Физикадағы есептеу дәлдігі. Абсолют және салыстырмалы қателік. Жуықтап есептеу, оны физикадағы пайдалану ережелері. Формула немесе есеп дұрыстығын . Материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт туралы түсініктер.

Механика( 1с)

    Классикалық  механика- казірде қолданыста, оған қойылатын шектеулер туралы. Механика ғылымы- құрылымы, негізгі есебі. Инерциалды санақ жүйесі.  Галилей түрлендірулері.

Кинематика негіздері (14c)

 Кинематиканың  негізгі ұғымдары: материялық нүкте, санақ жүйесі, траектория, жол және орын ауыстыру, жылдамдық және үдеу. Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс, оның теңдеуі және оған есеп шығару. Бірқалыпты, бір және қарама- қарсы бағытталған қозғалыстарды қосу және оған есеп шығару.   Бірқалыпты, бір- біріне бұрыш жасай бағытталған қозғалыстарды қосу және оған есеп шығару. Қозғалысты бірнеше құраушыға жіктеу және оған есеп шығару. Траекториялары қиылысатын қозғалыстар және оған есеп шығару.    Түзу сызықты бір қалыпсыз қозғалыс. Орташа және лездік жылдамдықтар ұғымы. Орташа жылдамдықты анықтаудың негізгі формуласы.    Бір қалыпсыз қозғалыстың ең қарапайым түрі- түзу сызықты бірқалыптв айнымалы қозғалыс, оны сипаттайтын кинематиканыңң негізгі теңдеулері.  Бірқалыпты айнымалы қозғалыстағы орташа жылдамдық және оған есеп шығару.   Еркін түсу- бірқалыпты айнымалы қозғалыстың тамаша мысалы және оған есеп шығару. Биіктіктен горизонталь бағытта лақтырылған дене қозғалысын зерттеу және оған есеп шығару.  Горизонтқа α–бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысын зерттеу және оған есеп шығару.  Қисық сызықты қозғалыс, оны оқып- үйренудің негізгі әдісі. Материалдық нүктенің шеңбер бойымен  бірқалыпты қозғалысы, оны сипатайтын шамалар: бұрыштық жылдамдық және нормаль үдеу және оған есеп шығару.  Шеңбер бойымен бірқалыпты айнымалы қозғалыс. Бұрыштық үдеу. Центрге тартқыш, тангенциал және толық удеулер және оған есеп шығару.  Түзу және қисық сызықты қозғалыстарды салыстырмалы түрде қарастыру.

Динамика негіздері. (11c)

      Ілгерлемелі қозғалыс динамикасы. Ньютон заңдары.   Айналмалы қозғалыс энергиясы. Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның 2-заңы. Айналм. қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның 2-заңы. Импульс моментінің сақталу заңы. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Гравитациялық өрістегі дененің потенциалдық энергиясы.    Кеплер заңдары, оның математикалық негіздемесі.

Деформацияланған дене механикасы (4c)

      Денелер тепе- теңдігі. Күш иіні. Күш моменті. Қатты денелелер тепе- теңдігі.

      Ауырлық центрі. Тепе теңдік түрлері.    Паскаль заңы. Қатынас ыдыстар заңы. Архимед күші Сұйықтың ыдыс түбіне, қабырғаларына түсіретін қысымы. 

       Идеал сұйық қозғалысы. Бернулли теңдеуі. Тұтқыр сұйық. Денелерді қапталдай ағу. Қанаттың көтергіш күші. Есеп шығару.

Пайдаланылған әдебиеттер.

В.А.Балаш. Задачи по физике и методы их решения. Изд3-е,исправл. М, Просв, 1974. 430стр.

С.Е.Каменецкий.В.П.Орехов. Методика решения задач по физике в сш. Изд2. М, Просв-1974. 384стр.

Ф.М.Очагов. Решение задач по механикее. М,Просв-1965. 244стр.

Л.М.Коган. Учись решать задачи по физике. М,Высш шк-1993. 368стр.

Д.Л.Малобродский.Л.С.Хижнякова. Преп-е механики в 9-м кл. М, Просв-1973.128стр.  

В.Е.Володарский. Система задач по физике для 9 кл. Алм, Рауан-1990. 192стр.

И.Ш.Слободецкий,В.А.Орлов. Всесоюзные олимпиады по физике. М, Просв-1982. 256стр.

 

Физика.Механика.Для шк и кл с углубл изуч-м физики. Балашов, Гомонова и др. Под ред Мякишева. М, «Просв» 1995. 480стр.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.11 Kb
Количество скачиваний: 178
Просмотров: 394

Похожие материалы