Мектебің алтын ұя жарқыраған, Ұстазың бұлақ көзі сарқылмаған. сынып сағаты. 8 сынып
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Наурзбаева Мейрамгуль Булатовна
|
Тақырыбы: Мектебің алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың бұлақ көзі сарқылмаған.
Мақсаты: оқушылардың бойында мектеп пен ұстазға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту. Адамгершілікке, кішіпейлікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, суреттер, нақыл сөздер.
Жүру барысы. І. Ұйымдастыру.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Топқа бөлу. Ән шумақтарына сайкесті.
І топ.
Ұстазым
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы: Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
ІІ топ.
Ұстазым.1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Қайырмасы:
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.
ІІ . Негізгі бөлім.
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді
«Ойланайық, пікірлесейік.»
І топ: Мектебің алтын ұя жарқыраған,
ІІ топ. Ұстазың бұлақ көзі сарқылмаған.
2.«Болашаққа бір қадам» әдісі. Постер қорғау.
І топ : Болашақтың мектебі
ІІ топ: Болашақтың ұстазы.
М – мейірімді Ұстазым
Ұ - ұлағатты
Ғ - ғазиз
А - ақылды
Л - лайықты
І - іскер
М – маман
ІІ топ:
Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – танымал
А – ардақты
З – зиялы
Ы- ыждағатты
М- майталман.
Қорытынды.
Мұғалім – мектептің жүрегі. Мұғалім – мектеп үшін жаралған, бар ғұмырын балаға арнаған жан. Шәкіртінің қабілет дарынын ашу, келешекке жетелеу - әрбір ұстаздың мейірлі де мерейлі ісі. Шәкірт жүрегіне жол таба білу екінің бірінің қолынан келмесі анық. Бала бойындағы қабілетті ұштап, шәкіртердің сана білім дәнін сепкен ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.13 Kb |
Количество скачиваний: | 111 |