Мектептің психологиялық ахуалы,оқушылар арасындағы суицидтен алдын алу.

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мектептің психологиялық ахуалы,

оқушылар арасындағы суицидтың алдын алу

Мұнайлы ауданына қарайтын Батыр селосындағы №10 орта мектеп 2013-2014 оқужылының қаңтарында өз жұмысын 135 оқушымен бастаған. Оқу жылының аяғында 230 ға жуық оқушымен аяқтаған. Жаңа ашылған мектептің қиындығы мен қызығы бірге жүрді. Сол кездегі, яғни былтырғы оқу жылындағы мектептің психологиялық ахуалы мұғалімдер мен оқушыларды жинақтау жылы деп атасақ болады. Мен биылғы 2014-2015 оқу жылында осы мектепке психолог маман ретінде орналастым. «Мектептің тірегі де, тіреуі де – оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай жаңа жинақталған

оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық ахуалы танылудан басталды. Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Мектепте берілетін білім – барша әлем тыныс – тіршілігінің алғашқы іргетасы. «ел болам десең, бесігіңді түзе» дейтін болсақ, біздің тербеткен бесігіміз – мектеп. Мектеп – білім тірегі, мұғалім – оның жүрегі. Ендеше мектептің басты тұлғасы – мұғалім. «Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де шәкіртіне жақсы мағынада қатты әсер етеді» - деген Мәлік Ғабдулиннің сөзінен көп нәрсе аңғаруға болады. «Ел болашағы – бүгінгі ұрпақ» десек,жас буын өз болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтйн, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа бейімді, өз ісіне жоғары талап қоя білетін адамдар болуға тиіс. Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде, бұрыннан бері жиып-тергені мол тәжірибесі бар. Соңғы уақыттарда жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау – суицид етек алып барады. Суицид – өзіне қасақана қасірет.

Суицид - өзіне қасақана қасірет келтіру арқылы өлу (өз өмірін қию).

Суицидтің психологиялық мағынасына адамның еріксіз тап болған жағ-дайдан кетуге әрекет жасау, эмоциялық кернеуді түсіру, аффектті қатынас болып табылады.

Суицидтік әрекет жасағандар әдетте қатты жан кеселмен ауыратын және күйзеліс қалпында жүрген, сонымен бірге өздері кездескен қиыншылықтарды жеңуге жолдың жоқтығына сенген адамдар.

ицидтік әрекеттер соңғы екі онжылдық ішінде екі есе жиіледі.14-24 жас аралығындағы адамдардың 30%-ыөзіне-өзі қол жұмсау туралы ойланса, ұл балалардың 6%-ы және қыздардың 10%-ы суицидтік әрекеттер жасайды. Кейбір мамандар жасөспірімдердің суицид әрекеттері 10%-ы өз өмірін қиюды көздесе, олардың 90%-ы өзіне назар аудару мақсатында жасалынады деп санайды.

Әрбір баланың суициалды әрекетіне ересектер жауапты!

Суицидке бағытталған қандай да болмасын әрекеттерге, сөздерге үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Жан айқаймен зарлағанбала өзіне көмек көрсететін адамнан жауап күтетіндігіне күмән келтірмеген дұрыс . Өйткені, оның жалғыздық дағдарысынаодан басқа ешкімнің араласуға мүмкіндігі жоқ. Жасөспірімдердің жабығу көңіл- күйінің алдын алуда ата-ана маңызды роль атқарады. Бала көңіл-күйінің төмендеуі және жабығудың басқа белгілері байқала бастағанда-ақ аталған күйден шығару бойынша жедел шаралар жасаған жөн.

Біріншіден , баламен әңгімелесу, оның көңіл-күйі туралы сұрақтар қою, болашағы туралы әңгіме өткізу және келешегін жоспарлау қажет. Бұл әңгімелер міндетті түрде позитивті сарында өту керек. Балаға дұрыс бағытта ұстаным «қондыру», сенімділігіне көз жеткізу және оның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге қабілетті екендігін көр-сету қажет. Баланың «барлық уақыт жаман мінез көрсеткендігі» немесе «тоңқылдақтығы» үшін сөкпей, жақсы жақтары мен жеке басының мүмкіндіктерін көрсеткен дұрыс. Баланы одан да көңілді, күшті, жетістікке көбірек жеткен балалармен салыстыруға болмайды. Мұндай салыстырулар ба-ланың онсыз да әлсіреген өзін-өзі бағалау дәрежесін төмендетеді. Кешегі жасөспірім мен бүгінгі жасөспірімді ғана салыстыруға және ертеңгі жасөсіпірімді дұрыс өмір сүруге бағыттауға болады.

Екіншіден, баламен бірге жаңа істермен айналысу қажет. Күн сайын жаңа нәрселермен танысып, бұрын жасамаған істермен айналысқан жөн. Үйреншікті тіршілік сарынында өзгертулер енгізген дұрыс. Жаттығу залына жазылу немесе ол болмаса, таңғы жаттығулар жасау әдетін енгізу, жаңа серуендер маршруттарын жасау, демалыс күндері қызықты экскурсияға бару, үй жұмыстарын орындаудың жаңа тәсілдерін табу, үйірмелерге бару, үйді тазалап шығу қажет. Үй жануарларын ит, мысық, атжалман, балықтар ұстауды бастауға болады. Қорғансыз жануарды күту балаға жақсы әсерін тигізеді және дұрыс өмірлік сарынға бағыттайды.

Үшіншіден, баланың күн тәртібін сақтағаны жөн. Оның ұйқысының қа-нғандығын, жақсы тамақтанғандығын, таза ауамен қажетті уақыт демалғандығын, қимыл, спорт түрімен ай-налысатындығын бақылап отыру қа-жет. Жабығу-психофизиологиялық күй. Аталған кезеңде жасөспірімнің фи-зиологиялық қалпын қамтамасыз етіп отыру керек.

Және төртіншіден кеңес алу үшін - психолог, психотерапевт , сынып жетекшілері мамандарымен хабарласу қажет.

Осы біздің №10 орта мектебіміздің оқушылары жаңа Батыр селосының ашылуына байланысты жинақталған оқушылар,олардың әлеуметтік тұрмыс-жағдайлары әр түрлі. Сондықтан мектеп басшысы, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, осы оқушыларға түсіністікпен қарап, олардың уақыттарын тиімді пайдалануын ата-аналарымен бірлесе отырып шешкен жөн.

Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер е тетін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.

Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.

1.Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.

2.Екінші топ – өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.

3.Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын» балаларды беретін отбасылар.

Мектептегі оқу – тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етуі даусыз. 0лардың бірнеше түрін атап өтсек мына төмендегідей:

1.Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушыларды дер кезінде анықтап,олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу.

2.Мектеп ұжымының осы мәселеде алауыз болуы немесе жүйелі жұмысты болмауы. Мектептегі өзін өзі басқару жұмысынаң дұрыс жүрмеуі.

3.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төменекендігі.

4.Тәрбие қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар ұйымдастырылуы.

5.Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі.

6.Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы,үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқушылардың тәртібін әлсіретеді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді.

7.Кейбір мұғалімдердің педагокикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы оқушылардың өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады.

8.Сынып жетекшілердің өз сыныбыныңбалалармен дұрыс қарым-қатынас жасамауы.(мысалы бала жанын дұрыс түсінбеуі)

Енді біздің мектебімізде осындай келеңсіз жағдайдың болмауы үшін 11- сынып оқушыларымендайындықты күштіжүргізіп.Бырыңғай үлттық тестілеуді өйдағыдай тапсыруымызкерек. Ал 5-10 сыныпоқушылары нсынып жетекшілері, үстаздар қауымы, мектеп психолоктары бірлесіпбала жанын түсініп жумыс жасауымыз керек.Педогог-психологШамиева

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 94.5 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 251

Похожие материалы