Мектепте мониторингілік зерттеу жұмысын жүргізудің өзектілігі.

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мектепте мониторингілік зерттеу жұмысын жүргізудіңөзектілігі.

Мониторинг – білім сапасын жоғары деңгейге жеткізудің, инновациялық жобаларды жасаудың ең тиімді түрі.

«Ақпараттандыру мониторингі»-бұл бақылау,бағалау,жағдайды саралау, ақпараттандыруды басқару нұсқаулықтарының баламасын жасау және болжауды дамыту.

Мектепте электрондық оқытуды «e-learning» енгізудің қорытынды мониторигісі әрекеттерді қайталау мен бағдарламаны жүзеге асыру уақытында бірнеше рет өткізілу керек. Мониторинг бағдарламаны басқарудың бір бөлімі, әрі оның құралы болып табылады, сонымен бірге басқаруда кері байланысты қамтамасыз етеді және бағдарламаның іс-шараларын орындайтын әрекеттердің бірі ретінде қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мониторингті нақты  жоспарға сәйкес үш позиция бойынша ресурсты қолдану, мақсат және жұмыстың сапасы жүргізу қажет. Бағдарлама немесе жоба бойынша жұмыс барысының сапасын талдауға мүмкіндік береді, атап айтқанда, пікірлерде кімнің нақты атсалысқандығы , жұмысқа қатысқандар және қатыспағандардың нақты себебінің ақпаратын, шығармашылыққа сыни көзқарас және т.б.

Білім беру ұйымдарын атқпараттандыру бағдарламасының мониторинг жүйесі мына бағытта құрылу қажет:

·        Диагностика нәтижесін есепке ала отырып, электрондық оқытудың тұжырымдамасын жасау.

·        Жобаны іске асыру үшін жұмыс көлемін анықтау, нормативтік құжаттарды жасау, электрондық оқытуды енгізудің және іс-шараларды ұйымдастырудың графигі.

·        Электрондық оқытуды «e-learning» білім беру ұйымдарына енгізу үрдісінің барысын қадағалау болатын, өлшем көрсеткіштерін (индикаторларды) анықтаудың әдістемесін талдау (сауалнама, басқару, интервью, сұрау, топтар, көрсетілім (демонстрация)және т.б.). ақпараттарды жинау графигін және жиілігін анықтау (тоқсан, жартыжылдық, нақты іс-шараларды өткізу, жобаны орындау).

·        Мониторинг жүргізу үшін ақпараттар көзін (білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар, оқушылар, ата-аналар, қоғам,  құжаттар және т.б.) таңдау.

·        Қажетті ақпаратты алушыны тағайындау, бұл ақпараттарды ұсынылатындармен келісу (директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметіне электрондық оқытуды «e-learning» енгізудің тиімділігі туралы мониторингті уақытымен саралау және жүргізуді енгізу). Алынған ақпаратты саралау және өндеу технологиясын анықтау.

·        Берілген деректердің мониторингісін қалай және кімге берілетіндігін жоспарлау(директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары – білім беру ұйымының басшысы – аудандық (қалалық) білім өлімі – БАИ – ББЖ КБАРИ ).

·        Педагогтардың кәсіби іс-әрекетіне электрондық оқыту жүйесін «e-learning»-ді тиімді пайдалану үшін мотивациясын арттыруға сәйкес біліктілікті арттыру жүйесінің моделін жасау және оларды жеке электрондық курсын «e-learning» ортасында даярлауға қатыстыру мүмкіндіктерін қарастыру

Білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылар есептік және аналитикалық материялдарды қай кезде қалыптастыру мерзімін, қашан және қандай өлшемдер, қималар, сауалнамалар өткізетіндігін және қандай диагностикалық әдістер мен құралдардың көмегімен зерттеуге болатындығын білу керек. Аталған үрдістің ашықтығы мен қолжетілімдігі жоспарлы және үзіліссіз кері байланыстың, ал оны басқарушы шешім әлдеқайда тиімді және ойластырғандай болуы өз септігін тигізеді. Мониторингті өткізу кезіндегі алынған ақпаратты сараптамадан өткізе отырып, оны электрондық оқытуды кезеңдер бойынша енгізуде негізге алу керек.

 

Электрондық оқытуды «e-learning» енгізу жолдары мен тиімділігі.

Білім беру үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы зор, өйткені күнделікті өмірде және педагогикалық үдерісте компьютерді қолданбау мүмкін емес. Қоғамда ақпараттық ағымдардың өте тез  жылдамдықта  тарайтындықтан, ауқымды ақпараттық орта қалыптасады. Баланың ақпараттық қоғамға енуіне жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға баулу қажеттілігін атап өткен жөн. Электрондық оқыту интернет желісі арқылы қашықтықтан оқыту мен интерактивтік оқытуға  жол ашады.

Электрондық оқытуды «e-learning» білім беру ұйымдарына енгізу бұл – оқыту сапасын арттырудың бір түрі. Компьютерлік индустрия күнделікті білім сапасында жаңа технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін барынша айқындай түсуді және білім континентінің сапасын арттыруға да ерекше назар аударып отыр.

Электрондық оқытуды  енгізудің тиімді жақтары келесі факторлар мен критерийлерді жүзеге асыруға байланысты:

·        аудио мен бейнеқұжаттарды сабақтастыра отырып, қолданудың мүмкіндіктері;

·        мұғалім мен  оқушының кез келген  жерде немесе кез келген уақытта оқи алу мүмкіндіктері;

·        білім қорларын құру және оны таратудың жеңілдету мүмкіндіктері;

·        әр оқушыға айқын талаптар мен қолжетімділік жасау мүмкіндіктері;

·        білім қорларына бірдей қолжетімді етуді қамтамасыз ету;

·        оқытудың нәтижесіне бағытталған жаңа білім стандарттарын жасау мен тарату мүмкіндігі.

Электрондық оқытуды білім беру ұйымдарына енгізуде кездесетін проблемалар:

·        мұғалім мен оқушының арасындағы тікелей байланыстың болмауы;

·        сапалы білім өнімдерінің жетіспеуі;

·        электрондық оқыту ортасында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана алатын білікті мамандардың жетіспеуі.

«Е-learning» келесі бағдарламалық өнімдер негізінде құралады:

·        оқу контенттерін жасау  құрылғылары (Authoring Tool)

·        оқытуды басқару жүйесі (Learning Management System) немесе қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ)

·        ақпаратпен алмасу жүйесі.

 

Контентті басқару жүйесі/оқу порталы/

Кез келген «e-learning» жүйесінің негізі – қашықтықтан оқыту жүйесі болып табылады.Оқытуды басқару жүйесі мына қызметтерді атқару арқылы іске асады:

·        тыңдаушыларды есепке алу, дербестігі, шектеулі қолжетімділігі;

·        оқыту үрдісін басқару, оқыту мен тестілеудің нәтижесінің есебі;

·        синхрондық және асихрондық байланытарды сабақтастыру механизмі;

·        аналитикалық есепті дайындау;

·        сыртқы ақпараттандыру жүйесінің сабақтастығы.

«Е-learning» жүйесінің ақпаратпен алмасу модулі мына қызметтерді атқару арқылы іске асады:

·        асихрондық байланыс – форумдар, хабарландыру тақтасы, электрондық пошта.

·        синхрондық байланыс – дыбыстық және компьютерлік чат, бейнеконференциялар, бағдарламалық өнімдерді бірге пайдалану, виртуалды аудитория.

 

Мұғалімнің оқыту мен білім беруде АКТ-ны пайдалану әдістері

 

Дәстүрлі педагогика

Инновациялық педагогика

Мұғалімнің оқушыларға  материялдарды баяндауы мен кітаптағы берілген материалдарды ғана беруі.

Оқушының нені білуі және түсінуі қажет екендігін анықтау.

Мұғалім оқушыларға дәстүрлі түрде білім береді.

Мұғалім ақпаратта бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі.

Мұғалім оқушыларға білім беру үшін оны қағазға жазып береді.

Оқушылар мәліметтерін дискіге жазып алады немесе желі арқылы жариялайды.

Айқын қолжазба есебі.

Кәсіби қызметтеріне қажетті құжаттарды басып шығарады және оны қолдайды.

Оқушылардың шектеулі таңдау қорлары.

Оқушылардың жеке таңдауы күтіледі.

Оқушылар бір-біріне жазуларын көрсетпейді, оны мұғалім ғана оқуы керек.

Өз жұмыстарын тексеруде, өзгертудегі көзқарастарын әріптестерімен пікір алмасу арқылы шешеді.

 

Бүгінгі таңда оқу үрдісінде АКТ-ны қолдану «мұғалім-оқушы»  қатынастарының өзара қарым-қатнасын ақпараттық коммуникациялық-технологияны сабақта қолдану арқылы мұғалім мүлде өзгерте алады. Мұғалімнің сабақтағы рөлінің өзгермелі әрекеттері:

·        дәстүрлі түрде орындалатын жұмыстардан, оның ішінде оқушылардың білімін бақылау жұмыстарын қолмен тексеруден алынып тасталуы;

·        танымдық әрекетті басқару бойынша мүмкіндігін кеңейту;

·        компьютер арқылы оқу үрдісін басқаруы, Компьютердің дидактикалық талаптарын орындауға жіберу;

·        форманы құру және білім құрылымы;

·        білімді менгерудің басқару үрдісі;

·        шығармашылық үрдісті ұйымдастырудың маңызды рөлі;

·        оқу қызметтеріне ыңталандыру және мадақтау арқылы жүзегі асыру.

Компьютердің рөлін келесі құрамдар арқылы көруге болады:

·        ақпаратты көрсету;

·        оқуды ақпараттық анықтамалық тұрғыда қамтамасыз ету объектіні модульдеу мен демонстрациялау, үдерістер мен өзгерістер;

·        өлшемдерді өндеп шығару;

·        сабақты ойын түрінде өткізуді қамтамасыз ету;

·        оқушының іс әрекетінің нәтижесін қалыптастыру мен салыстыру білімді бақылаумен бағалай білу;

·        түрлі танымдық жаттығуларды ұйымдастыру;

·        оқыту міндеттерінің бастапқы талаптарын қалыптастыру;

·        үйретушінің әрекетін үйренуші әрекеттерін нәтижесін диагностикалау мен басқарудың тұжырымдамалық негізінде өңдеу;

·        оқытудың нәтижесін болжау мен талдау статистикасы;

·        ақпаратты сақтау.

Оқушы рөлін өзгерту тенденциясы:

·        өз білімін құрастыра білу;

·        эксперемент жүргізу мен оқу үдерісін модельдеуді компьютер арқылы басқару;

·        компьютер ойындарды іскерлік оқытуларда үйрету ортасы ретінде қолдана білу;

·        әріптестермен мұғалімдер үшін Интернеттен ақпараттарды алушы ретінде.

Ақпараттандыруды дамыту тенденциялары:

·        оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолданудың педагогикалық мақсаттылығы;

·        оқу үдерісінде компьютерді қолданудың кешендік амалы;

·        оқыту үдерісінде психологикалық-педагогикалық және техникалық пен бағдарламалық амалдар.

Аталған принцептер негізінде келесі кедергілерді жоюға болады:

·        оқыту әрекетінде бір қалыпты болуы;

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 43.12 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 176

Похожие материалы