Здесь была ссылка на работу Мектептегі өндіріс автора Айпеисова Нурила Пирмашовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Мектеп және өндіріc. Сабақтын максаты: адам еңбегінің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру. Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға мектептегі және өндірістегі жұмыстар туралы түсінік беру. 2. Танымдық кызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту. 3. Еңбекқорлыққа, мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың барысы: 1. Жаңа материалды меңгерту. а) Пікірталас. - Адам не үшін еңбек етеді? ә) Сызба құрастыру. 2. Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс. Қонақжайлылық I топ еңбек туралы; II топ егіншілер туралы; III топ экономистер туралы; IV топ программалаушылар туралы бөлікті оқиды. V топ сарапшылар топ. Оқушылар өздеріне бөлінген бөлікті оқып, түсінгендерін айтады, өздерінің пікірлерін дәлелдейді. Оқушылар түрлі мамандықтармен танысады. Болашақта осы мамандықтардың бірін таңдайтындарын айтады. Эксперт топ қорытындылайды, олардың айтқандарына толыктырулар енгізеді. 4. Кел, ойланайык! Мақалдың мағынасын ашу. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. 5. Пікірталас өткізу. - Программалаушы, экономист мамандықтарының жұмысы не үшін маңызды? Мысал келтіріп дәлелдеңдер. 6. Сабақты қорытындылау. 1. Сұрақтарға жауап беру. 2. Болашақ мамандықтары туралы қысқаша әңгіме жазу. 3. Сызба құрастыру: Eгістік - ата-ана - балалар - өнім - комбайншылар, тракторшылар, агрономдар - мамандық. Шахталар - шахтерлер - балалар - мамандық. 7. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқу. Ата-анаңның мамандықтары туралы біліп келу.