Мен және жанұям -

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

 Тақырыбы:    Мен және жанұям

   Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты  қалыптастыру.  Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

 Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамсын ойлайтын,  ата- анасын, жора-  жолдасын  сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Дамыта оқытуға негізделген жұмыстармен тапсырмаларды ата- аналармен бірлесе отырып шешу.

Әдісі: Сұрақ- жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.

Көрнекілігі: Төс белгілер, үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер, баяндамалар, плакаттар.

Нақыл сөздер:

1.     «Анаң- асыл қазынаң, әкең- асқар тау».

2.     «Ата- ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету».

3.     «Бала- біздің болашағымыз»

4.     «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».

5.     «Бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».

6.     «Балаға сіңірген ата- ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле- өлгенше сусындайтын махаббат.

                                                        Ғабиден Мұстафин

Түрі:  Ата- ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту.

Барысы:  Қайырлы күн, құрметті  ұстаздар,  ата- аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін?  Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?

-         Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

 Сонымен, бүгінгі ата- аналар мен бала бірлескен «Мен және жанұям» атты кешімізге қош келдіңіздер.

     Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз.

 Отбасы- адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы- ата- ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын  ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 66 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 109

Похожие материалы