"Мен -өмірді жырлау үшін келгенмін"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Видеоуроки |
Автор: |
Искакова Жанат Толеухановна
|
«Мен –өмірді жырлау үшін келгенмін»
Мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту.
1. Білімділік – оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, ақиық ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
2. 2. Дамытушылық – оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеуге тілін дамыту, өлең оқуға, логикалық ойлау қабілетін, сана – сезімін дамыту.
3. Тәрбиелік – Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін Мұқағали Мақатаевтің туғанына 84 жыл толуына байланысты«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты тәрбие сағатына
қош келдіңіздер.
Кештің барысы:
Қарасаз, Қара шалғын өлеңде өстім
Жақсы жыр жазсам, халқым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
Жүргізуші: Қазақ поэзия әлеміне шетсіз – шексіз кеңестік пен көз сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 84 жыл
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 47.76 Kb |
Количество скачиваний: | 91 |