«Менің Отаным - Қазақстан» (танымдық сайыс)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кушаева Асел Максутовна
|
«Көк тудың желбірегені» әуенімен балалар қолдарына ту ұстап, залға кіріп, бәріміз әнұран орындадық. «Тәуелсіздік елдің білімді ұрпақтары» атты танымдық сайысқа қатысушыларды таныстырып, әділқазыларды тағайындап алдық. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды:
І кезең «Бәйге» (Бұл кезеңде ұяшықтардан ашылған сұрақтарға балалар тез және нақты дұрыс жауабын беру керек.)
ІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл» (Бұл кезеңде жұмбақтар жасырылып, оның шешуін балалар үш тілде айту керек.(Қазақша, орыс, ағылшын))
ІІІ кезең «Қызықты тапсырмалар» (Таным қабілеттерін анықтауға түрлі тапсырмалар)
ІV кезең «Тапқырлық кезеңі» (Бұл кезеңде сіздердің алдарыңызда берілген құрастырмалы ойыншықтарды пайдаланып, ой ұшқырлықтарыңызды, шығармашылықтарыңызды танытасыздар)
V кезең «Жүзден жүйрік» («Қызықты ұйқастар» жалғасын таба отырып, ұйқасын да табу)
Сайыскерлер белсенді қатысты. Әрбір кезеңнің тапсырмаларын өз деңгейлеріне қарай орындады.
Әділқазылар ақылдасқанша, балалар Отан туралы мақал- мәтелдерін айтып, арасында музыкалық сәлем ретінде көрермендерге патриоттық билерін ұсынды.
Сәкен Айеркем «Зерек» атағын, Мақсот Мұрагер «Алғыр» атағын, Карим Бақтияр «Тапқыр» атағын, Бакытжанова Шаттық «Ойшыл» атағын, Халиолла Саят «Жүйрік» атағын, Көшербай Саят ««Балапан» тобы көшбасшысы» атағын жеңіп алып, барлығы диплом және ынталандыру сыйлығымен марапатталды. «Балдәурен» МдҰ меңгерушісі А. С. Оразова ұсынды.
Әмірбек Бекарыстың әкесі сайыс соңында өз пікірін білдіріп, ризашылығын танытып, өз тілегін жолдады.
Бұл сайыс мен үшін өте керемет өтті. Көңілімнен шықты. Оқу және тәрбие беріп жатқан осы бүлдіршіндеріме алдағы өмірлерінде тек осындай білімдерін шыңдап, биіктерден көріне берулеріне тілектеспін. Алар асуларымыз алда! Болашағымыз жарқын болсын!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.64 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |