Здесь была ссылка на работу Менің әуес ісім-спортпен шұғылдану автора Мамбетова Зарина Ерлановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақ тақырыбы: Олимпиада чемпиондары Сабақ мақсаты: 1.Білімділігі: Олимпиада чемпиондары туралы мәлімет беру, алған білімдерін сабақта қолдана білу. 2.Дамытушылық: Сөздік қорды байыту, сұрақтарға жауап беру, қарама-қарсы сұрақтар дайындау, «Эссе» жазғызу. 3.Тәрбиелік мәні: Білімді, өнерлі болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, әдептілікке баулу, сауатты жазуға дағдыландыру. Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру Технология: «БиС» технологиясының «Ауызша сабақ-2» картасы Әдістер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, жазу, бекіту. Көрнекілік: матрица, сын тұрғысынан сұрақтар, тірек сөздер. I.Ұйымдастыру бөлімі: а) амандасу; б) сабақ тақырыбы мен мақсатын айту; ІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе. 1) Балаларға тақтадан Олимпиада чемпиондары туралы бейне таспа көрсетіледі. - Балалар бейнетаспадан не көрдік? - Қандай Олимпиада чемпиондарын білеміз? - Олимпиада қай қалаларда өткізілді? - Қазақ олимпиада чепиондарын білеміз бе? - Дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Олимпиада чемпиондары. ІІІ.Оқушылардың өз бетінше тірек сөздерді іріктеуі. Қабылдауды ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың мәтінмен жұмысы: өз беттерінше кілтті сөздерді табу. Кілтті сөздер жазылған тақта жабулы тұрады, сынып деңгейіне қарай 7,14,21 сөзге дейін беріледі. Жұмыс уақыты: оқулықтың бір парағына 5 минут беріледі. Оқушылар өздері таңдаған кілтті сөздерді дәптерлеріне жазады. Олимпиада ойыны алғаш рет Ежелгі Грекияда пайда болған. Бұл ойындардың атауы Олимп тауының атымен байланысты. Олимпиада ойындары қысқы және жазғы болып бөлінеді. Қысқы Олимпиада ойындары: шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу. Жазғы Олимпиада ойындары: велоспорт, жүгіру, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу. Олимпиада ойындары басталарда салтанатты дәстүр бойынша алау жағылады. Олимпиаданығ негізгі белгісі – бес шығыршық. Қазақстандық спортшылардың алғаш қатысқан Олимпиадасы Канадада өтті. Бұл Олимпиада 1976жылы өтті. Оған 14қазақстандық спортшы қатысты. Олар 8 алтын, 2 күміс медальға ие болды. Күрес бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы – Жақсылық Үшкемпіров. 1980 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бокстан күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы – Серік Қонақбаев. Сиднейде өткен 27 Олимпиаданың алтын жүлдегерлері – Ольга Шишигина, Ермахан Ибраимов, Бекзат Сатарханов. Александр Винокуров – белгілі спортшы. Ол дарынды кәсіби велосипедші. Ол Сидней Олимпиадасында күміс жүлдегер, ал Лондон Олимпиадасында алтын жүлдегер атанды. Қазақстандық ауыр атлет – Илья Илин 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтын жүлдеге ие болып, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Осы Олимпиадада Қазақстан спортшылары 7 алтын,1күміс,5 қола медальға ие болып, жалпы есеппен 12орынға тұрақтады. Әлемдік Олимпиада ойындарында Қазақсатан туын желбіретер спортшыларымыз көп болсын. Тірек сөздер ( тақтаға жазылатын сөздер) Алау жүлдегер Бес шығыршық жазғы Олимпиада қысқы Канада алтын Спортшы медаль Ежелгі Грекия ойын Лондон Чемпион Оқушыларға бірінші баға қойылады. ІҮ. Есте сақтауды, зейінді дамыту. (Сөздікпен жұмыс) Уақыт бойынша жұмысты аяқтау. Оқушылар кілтті сөздерді жазып болған соң, тақта ашылады, оқушылар кілтті сөздерді тексеріп, сәйкес келген сөздер санын санайды, мәліметтер оқушылардың отыру матрицасына енгізіледі, екінші баға қойылады, пайызы көрсетіледі. ( ООМ- оқушылардың отыру матрицасы бойынша )