Менталитет ұғымының әлеуметтік-философиялық мәні

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Бұл мақалада Менталитет термині XX ғасырда Батыс мәдениетінде «сана» мен «ақыл» ұғымдарының бірлігін қамтамасыз етіп, олардың қарама-қарсылығын жою ретінде дүниеге келді. Менталитет мәселесімен тұңғыш айналысқан психоаналитиктер Зигмуңд Фрейд пен Карл Густав Юнг болды. КТ.Юнг өзінің 1912 жылы жарық көрген «Метаморфозы и символы либидо» атты еңбегінде адамның түс көруіне мифтің, фольклордың әсері барын айтқан. Адамдар түсінде мифтік кейіпкерлерді, өткен ұрпақ өкілдерінің бейнелерін көретінін, түстің бұрынғы құндылықтармен байланысын дәлелдеген. Адам психикасында жеке бейсаналықтан тысқары ұжымдық бейсаналықтың өмір сұретінін және оның адамдар миының терең қабаттарында орналасатынын айтқан. Оны «архетип» деп атаған. Оның ұрпақтан ұрпаққа бейсаналық түрінде беріліп отыратынын, жекелеген ұлт өкілдерінің мінез-құлқында, іс-қимылдарында, ойлау жүйесінде, құндылықтарды қабылдау ерекшеліктерінде байқалатынын айтқан. Жалпы менталитет мәселесі батыс ғалымдары мен философтарының еңбектерінде кеңіңен зерттелген. Мәселен, 1922 жылы Леви-Брюль өзінің атақты «La mentalitete primitive» атты зерттеуінде менталитетті логикаға дейін және логиқалық деп екі түрге бөледі. Сонымен қатар, ол осы еңбегінде австриялықтар мен африкалық тайпалардың менталитетін зерттей отырып, оған европалық дүние танымдағы қалыптасқан көзқараспен және рационализм тұрғысынан қарауға болмайтынын айтады. Менталитет мәселесін зерттеуге өзіндік үлес қосқан француз тарихшысы Ж. Левефра болды. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 36.96 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 223

Похожие материалы