"Мәңгілік елге бастайтын мәртебелі жол"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан 17 қаңтар 2014 жылғы  "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты халқына Жолдауын насихаттау мақсатындағы

"Мәңгілік елге бастайтын мәртебелі жол" атты акцияның жоспары

Қатысатындар: 1-11 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері 

(оқушылар шар, жалаушалар және "Мәңгілік елдің" логотипі, мұғалімдер ақ шарф, логотип және шар ұстайды)

(слайдтар, бейнебаяндар, музыка ойнап тұрады)

 

Өтілуі: 

Жүргізушілер: Ақботаев Олжас, Ермаханов Асхат

 

1-жүргізуші: -Қымбатты  ұстаздар қауымы!

2-жүргізуіші:- Құрметті оқушылар!

1-жүргізуші: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың  17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауы насихаттау мақсатындағы  "Мәңгілік елге бастайтын мәртебелі жол" атты акцияға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:-   Ежелгі  ата - бабамыздың “Мәңгілік ел” идеясы біздің ұлттық ұстанымымызға айналып отыр. Елбасымыз “Қазақстан - 2050 стратегиясының” түп қазығы етіп пәлсапалық категория - Мәңгілік ел ұғымын алып, ұлы бағдарды нысаналады. Ұлы сабақтастықты жандандырды. Міне, ұлттық идеологиямыз осы болып табылады.

2-жүргізуші:- - Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

1-жүргізуші: - Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы

2-жүргізуші:- Қазақ Елі!

                        Мәңгілік Ел – бір атым!

                        Мәңгі жасау – жалғыз ғана мұратым.

                        Ай менікі сүттей ақ боп туатын,

                        Күн менікі күлімсіреп шығатын.

                        Мініп алып арман атты пыраққа,

                        Жетем әлі жұрт жетпеген мұратқа.

1-жүргізуші:- Сөнсе сөнер жыпырлаған жұлдыздар,

                        Күн сөнбейді, Ай сөнбейді бірақ та.

                        Арын сатпас аруым бар бал қылық,

                        Нарым дерлік сапта тұрған әр жігіт.

                        Ана тілім, баба ділім, дәстүрім –

                        Мендегінің барлығы да мәңгілік.

ӘН: "КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ" Бексұлтан

 

2-жүргізуші:- Менің сөзім мыңжылдықтар қойнында

                        Көк түріктің көк тасына қашалған.

                        Кең даласын күзетем деп Тұранның,

                        Көктен Жерге көз қадаған қыранмын

1-жүргізуші:- Қаһарымнан құтылуы қиын-ақ

                        Құтты Еліме қастық қылған бір аңның.

                        Бұл далаға бұрса біреу атбасын,

                        Босағамнан басын иіп аттасын.

                        Қара ниет, теріс пиғыл дұшпаным

                        Қайтсын қақпай

                        «Мәңгілік Ел» қақпасын

2-жүргізуші:- Сан ғасырлық тарихыммен сырластым,

                        Сырлас болып, талай асу, қырды астым.

                        Менің атым – «Мәңгілік Ел»!

                        Сондықтан,

                        Жалғыз ғана Мәңгілікпен құрдаспын!

 

1-жүргізуші:- Біз, №7 орта мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдап-қуаттаймыз!

2-жүргізуші:-" Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол

1-жүргізуші: -"Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы

2-жүргізуші:- Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық

 

ӘН: "ҚАЗАҚТАЙ  ЕЛ ҚАЙДА" Ерлан, Нұрбол

 

1-жүргізуші:-Баяндама: "Мәңгілік ел" болу-мерейлі мұрат".  Оқитын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есеналиева Айгүл Сақыпжанқызы

 

ӘН: "ЖАСА, ҚАЗАҒЫМ" Бекзат, Бексұлтан

 

9-сынып оқушысы: Сәрсенғалиев Нұрболат:- Біз қазақ жастары, яғни Тәуелсіз қазақ елінің болашағы, Елбасы Н.Ә.Назарбаетың саясатын қолдау арқылы,  қазақ елінің гүлденуіне атсалысуды борышымыз деп санайық!

 

9-сыпып оқушысы: Молдабаев Сұлтанбек:- Елбасының  "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдап қуаттай отырып,  қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосайық!

 

9-сынып оқушысы: Бекболат Нұрым:- Қазақ елі-Мәңгілік ел! Сол мәңгілік елді жасау үшін -әрқашанда бірлікте болайық! Ол үшін білімді, тәрбиелі болып өсейік.  Біздің күш-қуатымыз бірлікте!

 

1-жүргізуші: -Бәріміз бірге

1-жүргізуші:-  -Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші:- -Еліміз жасай берсін!

1-жүргізуші:- -Елдігіміз мәңгілік болсын!

2-жүргізуші:- -Қазақ елі – «Мәңгілік Ел»!

ӘН: "ҚАЗАҚСТАН, АЛҒА" Шыңғыс

1-жүргізуші: - Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
2-жүргізуші:- Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
1-жүргізуші:- Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
2-жүргізуші:- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
1-жүргізуші:- Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
1-жүргізуші:-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

 

ГИМН  ОРЫНДАЛАДЫ

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.74 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 90

Похожие материалы