Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасы (хикаяттан үзінді)
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Таскалиева Гулсезим Нурбулатовна
|
Пәні:
Қазақ әдебиеті
Сыныбы:
8-сынып
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы:
Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасы (хикаяттан үзінді)
Мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік
Ә)коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі
Шығарманың негізгі оқиға желісін аңғарту, әңгіме арқылы қазақтың қоғам қайраткерлерінің бірі Тұрар Рысқұловты, тақырыпты шығармашылық тапсырмалар арқылы меңгерту.
Өздігінен ізденуге, шығармаға талдау жасай білуге үйрету, оқу дағдыларын жетілдіру, жеке тұлғаның ой-қабілетін қалыптастыру.
Оқушыларға отансүйгіштік, патриоттық қасиеттерді насихаттау, тақырыпқа байланысты тапсырмаларды оқушылардың өз бетімен орындатуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі:
Жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың әдісі:
Практикалық ақпаратты жинақтау, көрнекілік әдісі, көркемдеп оқу әдісі.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Білім беруді ізгілендіру, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, қазақстан тарихы
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің қызметі:
Оқушының қызметі:
Күтілетін нәтиже:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме,? Отырыңыздар.
- Бүгінгі сабағымызда барлығы түгел ме?
- Олай болса, оқу құралдарымызды реттеп, сабаққа дайындалайық.
Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабаққа дайындалу
Сәлемдесу арқылы оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық қатынас орнайды.
II.Жаңа материалды меңгерту
III. Тақырыпты бекіту тапсырмалары:
IV. Қорытындылау:
- Белгілі ғалым Зейнолла Қабдолов «Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ғана ұлылардың үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов», - деген болатын. Бүгін біздер сондай ұлы тұлға Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш» оқиғасымен танысатын боламыз.
Өткен сыныптардан М.Әуезов туралы не білеміз? Топтастырайық.
- Қандай да болмасын көркем шығарманың жазылуына өмірдің өзі негіз болады. Жазушы өзін қызықтырған өмір оқиғаларын жан-жақты зерттеп, байыптап барып, шығармасын жазуға отырады. Көркем туындыда қаламгер өмір оқиғаларын, алуан түрлі тағдырларды суреттей отырып, осы арқылы қоғамдағы бір немесе бірнеше әлеуметтік жайларды көтереді. Міне, автордың осындай туындыларының бірі – «Қараш-қараш» оқиғасы.
(Мазмұнын меңгертеді.)
Қосымша мәлімет: Т.Рысқұлов, Р.Жылқайдаров, «Асуда атылған оқ» фильмі.
«Қараш-қараш» оқиғасын тірек сызбалар арқылы бөлімдерге бөліп, ат қою.
Тақырыпқа қосымша.
Бақтығұл - Рысқұл Жылқайдарұлы
Тектіғұл – Молдабек
Тұрар – Сейіт
Болыс Жарасбай – Саймасай Үшкемпіров
Қатша – Ізбайша
Кесте бойынша «Қараш-қараш» шығармасын талдаңыздар.
Тектіғұл өліміне себеп болған жағдайларды тізбектеу.
Қорытынды тапсырма.
Күннің жадын жазып, тақырыппен танысады. Топтастыру стратегиясы.
Берілген тірек сызбаны жалғастырып, шығарманы бөлімдерге бөліп, ат қояды.
Тақырыпқа қосымша.
Прототип – белгілі бір көркем шығармадағы өмірден алынған тұлғаның бйнесі.
Қорытынды тапсырма.
- адалдық
- мейірімділік
- достық
- бақыт
- денсаулық
зұлымдық -
соғыс -
жамандық -
қайғы -
аштық -
З.Қабдоловтың сөзі арқылы жаңа тақырып хабарланады.
Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар М.Әуезов туралы өткен сыныптардан алған білімдерін еске түсіреді.
Қосымша мәліметтер келтіріле отырып жаңа материал меңгертіледі.
Тірек сызбаларды жалғастыра отырып, әңгімені бөлімдерге бөліп, атқояды.
Прототиптің не екенін өткен сыныптардан алған білімдері бойынша естеріне түсіріп, ережесін айтады.
«Қараш-қараш» оқиғасын талдап, кестеге салады.
Тектіғұл өліміне себеп болған жағдайларды тізбектеп, бағдаршаға салады.
V. Үйге тапсырма:
Бағалау:
1) «Қараш-қараш» оқиғасын оқып, мазмұнын айту;
2) М.Әуезов туралы қосымша мәлімет;
3) Кесте толтыру.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.
Үй тапсырмасын орындау арқылы өткен материалды қаншалықты меңгергендігі байқалады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 8.88 Mb |
Количество скачиваний: | 13 |