Здесь была ссылка на работу Ми әлеміне саяхат автора Мырзабекова Нургуль Рысбеккызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Ми әлеміне саяхат» сайыс. сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «МИ әлеміне саяхат» сайыс Мақсаты: 1.ХХI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой- өрісі дамыған азаматты қалыптастыру. 2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу. 3. Оқушының пәнге қызығуын ойлау қабілетін дамыту, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету. Түрі: сыныптан тыс саяхат-сайыс Көрнекілігі : интерактивті тақта, проектр, слайдтар, нақыл сөздер, таратпа қағаздар. 1 жүргізуші: Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын, Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын. Ғылымдар патшасы боп дараланып, Математика қызыққа тоймайтұғын . 2 жүргізуші: Информатика әлемі, Неткен ғажап әсерлі. Шыққан сонау ертеден, Орын алды көңілден Интернетте құстай ұшып самғаймыз, Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз. Технология дамып жатыр күнбе-күн, Біз қырандар осы лектен қалмаймыз! Осылайша сайысымызды бастаймыз! Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «МИ әлеміне саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер! 1 жүргізуші: Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 1топ 8 сынып оқушылары: Шәку Ақмарал, Сүйіпбаев Рамазан 2-топ 9-сынып оқушылары: Қаржаубай Медет, Назарбек Бауыржан 3-топ 10-сынып оқушылары: Насибек Динара, Қожамұрат Самал 4-топ 11-сынып оқушылары: Айбек Гүлжан, Оралбай Ғайнижамал