М.Мақатаев "Елім барда", "Анау - аспан, мынау - бақ "

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

Мұғалім Есенова Ж.Б. Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні: қазақ әдебиеті Класы: 6 "А" Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев "Елім барда", "Анау-аспан, мынау-бақ"

Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығын таныстыру,"Елім барда", "Анау-аспан, мынау-бақ" өлеңдерін түсіндіру;

білімдік: Ақын өлеңдерінің көркемдік қуатын, мәнін жете түсіндіру, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық: шығармашылық ізденіске бағыттау, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

тәрбиелік: туған жерді, елді сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : СТО (сұрақ-жауап, шығармашылық іздену, топтастыру, тірек сызбалар, ой толғау т.б.)

Күтілетін нәтижелер:

- Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармалары туралы ойлары кеңейеді;

- Ақиық ақынның сырлы өлеңдерін тыңдау арқылы өлең құрылымына сатылай талдау жасауға іздену;

- өлеңнің негізгі идеясы арқылы оқушылар мәнерлеп, сауатты оқуға үйренеді..

Түйінді идея:

Сабақ кезеңдері

Сабақтың барысындағы іс-әрекет

Ресурстар

Стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Психологиялық тренинт

Қызығушылығын ояту

Мағынаны тану

Топтастыру

Жүйрік сұрақтар

Кім көп біледі?

Сатылай талдау

Үш жақты күнделік

Топтастыру

"Жылы жүрекпен..."тренингі. Оқушылар бір-біріне қарап, алақандарын бір-біріне тақап, жақсы тілектерін, жылы лебіздерін білдіреді. сабақтың өтілуі туралы ұсыныстарын айтады.

Сабағымызды бастамас бұрын ақиық ақынымыз, қазақтың мұзбалағы Мұқағали ағамыздың халқын, тілін, Отанын бақытына балаған "Үш бақытым" өлеңімен класс оқушыларын үш топқа бөлеміз. Олай болса, мына қима қағаздарды біріктіріп, Ең бірінші бақытым-Халқым менің -деген жолды құрастырғандар І топқа, Ал, екінші бақытым- Тілім менің деген ІІ топқа, Бақытым бар үшінші Отан деген - ІІІ топқа бірігеді.

Өткен сабағымызда біз драматург, ақиық ақын, қазақтың мұзбалағы, ғасыр ақыны атанған Мұқағалидың өмір жолымен, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай болған "Қара өлең", "Қайырлы түн"өлеңдерімен танысқан болатынбыз.

Алдымен ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өз даусымен жазылған " " өлеңін тыңдайық.

Оқушылар, біз бұл өлеңнен нені түсіндік? көз алдымызға не елестеді?

Ия, Мұқағали мұрасы- маржан поэмасы болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы деп Зейнолла Серікқалиев айтқандай ақынның әдебиет өнеріне қосқан үлесі қандай екеніне,оның жырға, өнерге толы өміріне, өлеңдеріне шолу жасайық.

Ақынның өмір жолы туралы кім айтады?

Жер-Ананың құдіреттілігін жырға қосып, бейбітшілік пен тыныштықты аңсаған ақын жүрегінен шыққан "Қайырлы түн" және өлеңнің алтындығы мен сөз өнерінің бағалылығын осы "Қара өлеңі" арқылы көрсете білгенін түсіндік.

Олай болса, тақтаға суреттердің артындағы сұраққа жауап беру арқылы ретімен орналастырайық.

1. Мұқағали Мақатаев кім?

2. Ақын қай жылы, қай айда, қай жерде дүниеге келді?

3. Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?

4. "Қайырлы түн", "Қара өлең" өлеңдерінің негізгі идеясы қандай?

5. Ақынның басқа қандай өлеңдерін білеміз?

6. Ақынның өлеңдері қазіргі таңда көпшілікке танымал әнге де айналуда. біздер ақынның қандай әнін білеміз?

7. Ақын талантына, мінезіне туған жер табиғатының әсері болды ма?

Бұл суреттен біз нені көріп тұрмыз.?

Дұрыс айтасыздар, оқушылар. біз қазақтың кеңпейіл, дарқан даласын, ашық аспанын көріп тұрмыз. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінен туындаған "Елім барда" және "Анау-аспан, мынау-бақ" өлеңі.

Алдымен жаңа сабаққа көшпес бұрын, дәптерімізге күн жадын, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазайық.

Қара өлеңнің қаймағын тамызып, жүрегі елім деп соққан ақынымыздың "Елім барда" өлеңінің алдымен мен бір шумағын оқып беремін, әрі қарай оқушылар өзіміз тізбектеп оқимыз.

- Яғни, бұл Елім барда өлеңінде ақын нені жырына арқау еткен?

- негізгі идеясы қандай?

"Анау-аспан, мынау- бақ" өлеңін тізбектеп оқып шығайық.

- ал,бұл өлеңнен нені түсіндік?

-Қай жыл мезгілі суреттелген?

-Біз осы өлеңді оқыған кезде тағы басқа осындай табиғат лирикасын жырлаған қай ақынның,қандай өлеңі есімізге түсті.

Дұрыс айтасыздар, қазақты бүкіл әлемге таныта білген, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың "Қыс" өлеңі есімізге оралады. Қане, бұл өлеңді бізге кім айтады екен? қысты Абай атамыз кімге теңеген? ал, Мұқағали ақынымыз ше?

Дұрыс айтасыңдар, Абай атамыз қысты ақ сақалды қарияға теңесе, Мұқағали ақынымыз ақ халатты, абзал жанды, жанымыздың арашашысы дәрігерге теңеген.

Оқушылар сіздерге, бүгінгі өткен тақырып бойынша тапсырмалар беремін.

І топқа: "Елім барда" өлеңіне сатылай кешенді талдау жасаймыз.

Авторы: М.Мақатаев Тақырыбы: Елім барда Жанры: өлең.

Негізгі идеясы: елінің амандығы, туған еліне деген сүйіспеншілігі, болашағына сеніммен қарай отыра, елінің бақытты болғандығын қалау.

Шумақ: -3; тармақ-4; бунақ -2-3; буын- 11: ұйқас: 1-шумағы егіз,2-3 шумағы- қара өлең.

ІІ топқа: Үш жақты күнделік әдісі арқылы ақынның "Анау-аспан, мынау-бақ" өлеңін Абайдың қыс өлеңімен салыстыру

Анау-аспан, мынау-бақ

Ұқсастығы

Қыс

ІІІ топқа: Топтастыру әдісі арқылы Мұқағали өлеңдерінің тәрбиелік мәні қандай?

Туған еліне деген сүйіспеншілікке Отанға, жерге деген құрмет


Табиғатты қастерлеуге үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге

Барлығымыз дәптерімізге Мұқағали өлеңдерінің бізге берер тәрбиелік мәні қандай екенін және өлеңдегі теңеулерді жазып алайық

-Саған көтеріңкі көңіл-күй тілеймін; - Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алуыңа тілектеспін т.б.

Топқа ақынның "Үш бақытым" өлеңімен бөлу.

Ақынның өз даусын тыңдау.

Үй тапсырмасын сұрау.

Сұраққа жауап беру арқылы тақтаға елдің, табиғаттың суретін құрастырады.

Жаңа сабақпен таныстыру

Өлеңнің негізгі идеясын сұрау

Тізбектеп оқыту.

Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жасайды.

Үш жақты күнделік арқылы өлеңді салыстырады.

Ақын өлеңінің тәрбиелік мәнін топтастырады

Дәптерлеріне метафора, теңеулерді жазады.

Ой толғаныс

Ротация әдісі

Бағалау

Үйге

Ия, балалар біздер бүгінгі сабағымызда ғасыр ақыны атанған, қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағалидың өмірі, өлеңдері туралы көптеген мәліметтер алдық. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды не білдік, не үйренгеніміз жөнінде ротация әдісі арқылы қорытындылайық.

3 топқа бірдей тапсырма: "Біз ақиық ақынымыз Мұқағали туралы не білдік?" соны алдымыздағы ақ параққа толтырамыз.

Дұрыс айтасыздар, біздер бүгінгі сабағымызда ақынның өмір жолын қосымша мәліметтер арқылы толықтырып, ақынның еліне, жеріне Отанына деген сүйіспеншілігінің қаншалықты қымбат екеніне көзімізді жеткізіп, ұлтжандылықты, қайсарлықты бойымызға дарыта білдік.

Олай болса, ортаға Аслан мен Әселді ақын ағамыздың өз өмірі жайлы жазылған "Менің анкетам" өлеңін мәнерлеп айтуға шақырамын.

Рахмет, оқушылар. Бүгін біздер ғасыр ақыны атанған, жырдың мұзбалағы, біртуар ақиық ақынымыз, қазақтың мақтанышы Мұқағали ағамыздың "Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін" деп өмір сүргенін білдік.

Ендеше бүгінгі сабаққа жақсы, белсене қатысып отырған оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма:

М.Мақатаевтың "Елім барда" , "Анау-аспан, мынау-бақ" өлеңін жаттау.

"Қазақтың мұзбалағы - Мұқағали" тақырыбында РАФТ әдісі бойынша ойтолғау жазу, өлең шығару.

Ақын ағаға хат жазу.

Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады деп Күләш Ахметова айтқандай,Мұқағалидай ақыны бар қазақ елі бақыттыдей отыра, ақынның өлеңіне жазылған "Бақыт деген..." әнімен сабағымызды аяқтаймыз.

Оқушылар өз ойларын, сабақта не түсінгендерін ротация әдістері арқылы айтып, қорытынды жасайды.

Оқушылар жаттаған "менің анкетам" өлеңін мәнерлеп айтады.

Бағалау

Үй тапсырмасын жазып алады.

"Бақыт деген..." әнді орындау.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.28 Mb
Количество скачиваний: 48
Просмотров: 227

Похожие материалы