Модельдеудің негізгі кезеңдері. Macromedia Flash бағдарламасы.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Чукеева Сагыныш Раисовна
|
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру және Macromedia Flash бағдарламасымен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (3мин)
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
- Саламатсыз ба балалар! Бүгінгі сабақта кім жоқ? Сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қалай?
- жақсы.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру: ( 7 мин) Балалар, өткен сабақта өткен Ms Word мәтіндік редакторын бір қайталап, еске түсірейік.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
1-тапсырма.
Ms Word мәтіндік терезесінің негізгі элементтерін табу.
Жауабы:
1 – С2 – Е3 – Ғ4 – В5 – G6 – D7 –А
III. Жаңа сабақты түсіндіру:( 10 мин)
Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.
Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сәйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады.
Macromedia Flash MX 2004 және Macromedia Flash Professional 2004 көптеген қызықты интерактивті мультимедиялық презентацияларды дайындауға мүмкіндігі көп.Flash те векторлық графикамен және анимациялар мен жұмыс істеуге болады.Әдетте бұл программамен манипулятор, растрлі графика , видеоматериялдарды монтаждауға және дыбыс монипулятор файылдарымен жұмыс істеуге болады. Flash – тің көмегімен графикаларды безендіруге көптеген видео презентацияларды соның ішінде Электронды комерциядан бастап видео айындар мен мультфильмдер жасауға болады.
ІҮ.Компьютердегі тәжірибелік жұмыс . (20 мин)
V. Қорытындылау. (2 мин)
Енді балалар бүгінгі сабақта нені үйрендік. Соған тоқталып, жазып шығамыз.
ҮІ. Үйге тапсырма. (1 мин) Macromedia Flash туралы қосымша материалдар іздеп келу. Сөзжұмбақ, ребус құру.
ҮII. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.(2 мин)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 615.55 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |