Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен тәжірибелік дәлелдемелері

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен тәжірибелік дәлелдемелері

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға заттың молекула-кинетикалық құрылымы мен оның негізгі қағидаларын таныстыру, жылулық құбылыстардың маңызы мен практикадағы қолданылуы туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: жылу алмасу процесінің мәнін ұғына отырып, оны практикада қолдана алу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: өз бетімен іздене білуге, ждауапкершілік пен шапшаңдыққа, өз бетінше шешім қабылдай алуға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа материалды игеру

Сабақтың технологиясы: Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді жүйесі» педагогикалық технологиясы

Көрнекілігі пен құрал жабдықтар: флипчарт беттері, жұмыс дәптері, ашық журнал, слайдтар, фотолар, су, ағаш, картон және жұқа қағаздар, әтір, тұз, желдеткіш, шар,т.б.

Пәнаралық байланыс: химия, биология, математика

Сабақтың барысы:

І кезең

А) Ұйымдастыру

Ә) Өткен тақырыптардан жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмаларды сұрау:

1. Заттың құрылымы қандай?

2. Заттың қандай күйлерін білесіз?

3. Заттың мұндай күйлерде болуы неге байланысты?

4. Қандай құбылыстарды білеміз?

ІІ кезең- технология бойынша синектикалық бөлім

Ал, оқушылар, енді біз сіздермен тапсырмалар бойынша кітаптан ізденіп жұмыс жасаймыз.

А) Өз бетімен жаңа сабақты меңгеру(5-7 мин)

Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады, тақырыпты меңгереді:

  • 1.Жылу құбылыстарын зерттеу әдістерін ата
  • 2.Термодинамика дегеніміз не?
  • 3.Молекула-кинетикалық теория дегеніміз не?
  • 4.МКТ-ң негізгі қағидаларын жасаған кім?
  • 5.МКТ-ң анегізгі қағидаларын тұжырымда
  • 6.МКТ-ң тәжірибелік дәлелдемелерін жаз
  • Қалған оқушыларға желдеткіш ұсынылады, оқушылар олардың бүктемелеріне жаңа тақырып бойынша кездескен терминдерді жазып шығады
  • Б) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талдау(5-7 мин)
  • Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: МКТ-ң негізгі қағидалары мен оның тәжірибелік қағидалары

В) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде бекіту (8-10 мин)

Сергіту .

ІІІ кезең(кері байланыс)- технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12+3 мин)

Қорытынды.

Бағалау(Ашық журналға)

Үйге тапсырма: 4.2. Молекулалардың массасы мен өлшемі.

«Броундық қозғалыс» реферат жазу.

Пән мұғалімі: Г.Жансүгірова

Арал қаласы, Арал көрсалалы колледжінің физика пәні мұғалімі

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 4.21 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 224

Похожие материалы