"Өмір - теңіз жүзем онда демеңіз,ізгіліктен жасалмаса кемеңіз"

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Презентации
Автор:

І - Сәлемдесу: (Он бес минут)

Қайырлы күн !!! Құрметті мұғалімдер,қонақтар және әріптестер.Сіздерменен бүгінгі қуанышты күнде кездесіп отырғанымызға қуаныштымын.

Бүгінгі семинар сіздердің көңілдеріңізден шығады деп ойлаймыз,сіздермен тәжірибе алмасуға ,психологиялық жаттығулар жасап шаршағандарыңызды басуға және де мұғалімдік біліктілікті арттыруға Гуманитарлық –педагогикалық колледжінің тәжірибелі ұстаздары әрқашан дайын !

Бүгінгі іс шарамызды ашуға рұқсат етсеңіздер, құрметпенен Сайрам аудандық білім бөлімінің әдіскері , Байменова Саулеш Исмановнаны және де гуманитарлық-педагогикалық колледжінің директоры Исмаилова Гульчехра Камалқызын ортаға шақырамыз.

Исматулаева Алия Мұратқызы :

Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр.. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.


Олай болса, өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.

Құрметті әріптестер мен сіздерді шеңберге шақырамын !

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 80 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 180

Похожие материалы