Өмір шексіз керуен... тәрбие сағаты

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Өмір шексіз керуен ......

Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарынояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыр,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.

 Өтілу түрі: ойталқы,ойын,тәжірибемен алмасу

Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер, өмір туралы суреттер,бейне-ролик

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру;

ІІ Қызығушылықты ояту.

1.Тәжірбие:Мұғалім екі ыдысты алып біріне ірі тастарды, сосын ұсақ тастарды салып,оқушылардан ыдыс толды ма? -деп сұрайды.

Оқушылар: ыдыс толды дейді.

Сонан соң ыдысқа құмды салып,  одан әрі толтыра бастайды.Оқушылардан: тағы да сұрайды,балалар алдыңғы жауапты қайталайды.Ұстаз екінші бір ыдысты алып, құммен лезде толтырады. Одан соң, ірі тастардың бірін  сыйғызуға тырысады,бірақ толған құм кедергі болып, одан еш нарсе шықпады.

Қорытынды: Ірі тастар адам өмірінде ең мәнді заттарды береді:Отан,Отбасы,Сүйіспеншілік,Бақыт,Денсаулық және Білім.Олар басқалары болмаса да, адам өміріне әрқашанда мән-- мағына береді.Ал ұсақ тастар жұмыс,пәтер,қызмет сияқты маңызы бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм дегеніміз--адамның күнделікті өміріндегі ұсақ-түйектер, күйбең тіршілік.

Екінші ыдыс бойынша:Егер адам құммен толтырылған екінші ыдыс сияқты өз өмірін кәкір-шүкірмен өткізетін болса,онда маңызды заттарға орын қалмайды. Адамға өмір ұсақ-түйекке жұмсау үшін емес ,маңызды заттармен  құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген . Ірі тастарды қадірлеп сақтай біліңдер, өмірде солар ғана құнды,қалғандары----- құм ғана!

2.  Өмір деген тұрады:таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп,Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,
Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз.

Ш.Сариев ақынымыз айтқандай, өмір жұмбақтардан қуаныш пен мұңнан ,шындық пен өтіріктен,таң мен кештен тұрады.

Біз бұл тәрбие сағатымызда:

Өмір деген не?

Өмірді қалай сүру керек ?

Өмір қаншалықты қызық?

Өмір несімен қымбат?

 Сенің өмірдегі орның?

Сол сияқты сұрақтарға жауап іздейтін боламыз. Сіздерден мәнді де маңызы бар,әдемі көркем тілмен өрнектелген пікірлер күтеміз.

3. Оқушыларға артында мағұлмат жазылған түрлі - түсті  қағаздар беріледі
Сол берілгенқағаздар бойынша оқушыларды топқа отырғызу.
1. қызыл
2. жасыл3.сары

4. Тақтадан бейне-ролик көрсетіледі. Бәріміз мұқият бейне-роликті тамашалайық.
Мұғалім сөзі: Оқушылар бейнебаянда не көрдіңдер? Қандай тақырыпқа жазылған?
 Сұрақтарға өз пікіріңді білдіріңдер.
Өмір дегеніміз не?
Өмір қаншалықты қызық?
Өмір мәні неде?
Өмір несімен қымбат?
Сіздерден мәнді де, маңызы бар, әдемі оймен, көркем тілмен өрнектелген
пікірлеріңізді күтемін.                                                                                                                                                            -Қане,бәріміз ойланып,ойымызды айтайық.
Әр топта отырған оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Тақырыптың
мазмұнын ашады.

5.Топтық ойын. Топтас, ойлан, талқыла.
Постер қорғау
1 - топ Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.(уақыт,мүмкіндік,сөз)
2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.()                                                                                                                3- топ.Адам үшін өмірдегі бағалы 3 нәрсе. ().
Оқушыларға плакат беріледі, сурет салу арқылы ойын жеткізеді.


Мұғалім сөзі:Мына үш шарды 3 қатарға беремін, Сіздер осы шарды қолдарыңызға ұстаған кезде қандай сезімде боласыздар, ал ол сезімдерді сыртқа шығармай,іштей ғана  ойлап,қасыңдағыларға бересіздер.Соңғы адам партаға немесе жерге қоясыздар. Өздерінің ойын ортаға шығып талдайды.

Мұғалім: Ал мен сіздерге шарды бергенде мынадай оймен бердім: Бұл әрқасымыздың өміріміз яғни сіздердің өмірлеріңді қолдарыңызға бердім. Сол кезде менің байқағаным, сіздер шарды сондай ептілікпен, нәзіктікпен ұстап көршілеріңізге беріп отырдыңыздар. Ендеше «Өмір» нәзік жіптей. Шар сияқты жарылып, ыдыс сияқты сынатын нәрсе.Сондықтан өмірді  аялай білейік

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 187.66 Kb
Количество скачиваний: 120
Просмотров: 414

Похожие материалы