Өмірдің мақсаты-өзіңді – өзің танып білуде.
Предмет: | Обществознание |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Рахметова Батима Муратовна
|
Өмірдің мақсаты-өзіңді – өзің танып білуде.
Адам болып жаратылған соң, адам өмірін мағыналы, мәнді етіп өткізуге тиіс. Ал адам өзін-өзі зерттеп, өз мүмкіндіктерін, мінезін танып алмай, өзгелерді, өзін қоршаған ортаны тануы, олармен үйлесімді өмір кешуі қиын. Сондықтан өзін тану-өмірді тану делінеді. Мектеп өміріне «Өзін-өзі тану» пәні енгізгелі көп өзгеріс әкелді десек артық емес. Шәкірттерім «Өзін –өзі тануға» ұмтылуда. Соның айғағы ретінде 6 сыныптың Өзін-өзі тану пәнінде әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, олардың қабілетін ашып дамытуға жағдай туғызу мақсатында өткізілген «Өз мүмкіндігімізді таниық» тақырыбында «Шығармашылық айдары» бойынша әр оқушы өз қабілеттерін көрсетуге тапсырма берлген болатын. Мәлімқожа Жайнаның өз мінезін күзгі мезгілге теңеп жазған өзі жайлы өлеңін ұсынып отырмын.
Мінез сыры –күздің қыры
Жырламаған қай ақын өз жайында,
Аласұрып жатқан ой көп өз ойымда.
Өз жайымды өрнектейін балаң жырмен,
Мен-бүлдіршін,
Бақаны биік шаңырақтың кенжесімін,
Және де сол әулеттік еркесімін...
Әкем менен анам бар ақ жарқынды,
Мәпелеген әр қашан үш көгершін.
Күзді жырлап ақ қағазға бөлер едім,
Ұнатамын күздің жауған нөсерлерін.
Өзі сурет емес пе тоймастай көз.
Қол шатырлы адам толы көшелерін.
Мінезім бар менің де ой жетпейтін,
Сол бір мінезімді қоңыр күзге теңер едім.
Мінезім бар!
Қазанның атқан таңындай бұлттанатын,
Күлімсіреп түске жақын шаттанатын.
Ол бір кезім ұқсайды күздің түскі шуағына,
Сыбырлағандай болады қыдыр құлағыма.
Ойға батам,
Кей кездері келешекке өсеріме,
Небір арман балаң ойға түседі де
Аяқ асты аласапыран боп кетемін,
Ұқсайды-ол,
Дауылдан соң күздің соңғы нөсеріне.
Жас болсам да ұайымдаймын,мұңаямын
Тағат таппай буырқанды кейде жаным,
Бұл мінезім тағы да күз бейнесі
Қысқасы жапырақтай сарғаямын.
Тәңірдің берген тағдыры бар келісімді,
Ұстаздарым аман болшы, кеңейтер өрісімді.
Алтын күз емеспе еді, бақшасы берекелі,
Мен ертең, беретін елге жемісімді.
-дейді шәкіртім.
«Өзін-өзі тану» ілімінің насихатшыларының бірі Саи
Баба:
«Өмірдің мақсаты не? Тойып ішіп-жеу, өлең айту, уақытты босқа өткізу ме?»
Жоқ, олай емес.
Өмірдің мақсаты-өзіңді –өзің танып білуде. Өзіңе: «Мен кіммін?» деп сұрақ қой. «Сен кімсің?», «Ол кім?», «Қайдансың?» деп сұрама.
Одан да өзіңнен: «Мен кіммін» деп сұра. Сен өзіңді танып-білсең, басқаларды тану қиын емес.
Өзің туралы өзің айтпасаң, кім біледі-деген екен.
Оқушым сол өзін «Мен кіммін»деген сұраққа жауап бергендей.
Батима Рахметова.
Исатай ауданы.Х.Ерғалиев ауылы. Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.98 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |