Мәтібай Сарбасұлы – Торғай ақындық мектебінің дәстүрін жалғастырушы
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Болатұлы Нұрсұлтан Болатұлы
Здесь была ссылка на работу Мәтібай Сарбасұлы – Торғай ақындық мектебінің дәстүрін жалғастырушы автора Болатұлы Нұрсұлтан Болатұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
бұл мақалада Қазақ әдебиеті тарихында 18 ғасырдан бастап көнеден қалыптасқан жыраулық дәстүрмен бірге ақындар поэзиясы кеңінен тарала бастағаны белгілі. Осы кезеңде өмір сүрген Тәтіғара, Шал, Көтеш шығармаларында жыраулық поэзияға қарағанда ақындық сипаттардың басым болуы осыны көрсетсе керек. Халықтың мұң-мұқтажын, қуанышы мен қайғысын, арманы мен тілегін айта білген ақындар шығармашылығы қазақ сахарасында кеңінен өріс ала бастады. Бірақ бұл ақындар шығармашылығы тек осы кезеңде пайда болды дегенді білдірмесе керек. Бұл мәселе жөнінде көптеген әдебиет зерттеушілеріміз өз пікірлерін білдірген болатын. Әдебиет зертеушілерінің тұжырымдарына қарағанда, «қазақтың ақын дегені – жыраудың кейінгі кезде шыққан атауы»(Н.С.Смирнова), «тарихи деректерге қарағанда, жырауларды ақындардың ең көне типі деп есептеуге болатын сияқты»(Е.Ысмайылов)[1,87 б]. Мейлі қайсысы қай кезеңде пайда болса да, жыраулықта ақындықта қазақтың қанына сіңген өнер. Қош, сонымен 18 ғасырда жаңа қарқынға ие болған ақындар поэзиясы ұлан-ғайыр қазақ даласының түкпір түкпірінде өзіндік мектептер қалыптастыра бастады.Солардың бірі Торғай өңірінде қалыптасқан Торғай ақындық мектебі. Бірақта өз дәуіріне ашық үн қосып, замана шындығын айта білген бұл ақындық мектептің өкілдері ұзақ уақыттар бойына ескерусіз қалып келді. Кеңестік кезең түгелі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда да бұл ақындық мектептің өкілдері толық зерттелмей келе жатыр. Осы өңірден шыққан С. Кенжеахметов, С. Оспанов, Н. Бектемісов, Б. Әлмағанбет, А. Қалиев сияқты жергілікті зерттеушілердің бірен-саран еңбектері болмаса, бұл тақырыпта қалам тартқандар аз. Біздің осы еңбегімізді жазудағы басты мақсатымызда осынау кемшіліктің орынын азда болса толтыру болып табылады