Мәтінді теру және түзету ережелері
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Дуйсенова Жулдызай Сагатжановна
|
Сабақ жоспары
Күні:18.02.2014
Сыныбы::5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері
Пәні:Информатика
Пән мұғалімі:Дүйсенова Ж
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінді теру және түзету ережелері және мәтін бойынша жылжу жұмыс істеу терезесін
және құралдарын түсіндіру.
Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,құрал-саймандарды пайдалана
отырып,әр –түрлі суреттер мен бейнелерді салуға ынтасын арттырып,дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылығы:Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын,жүйелі ойлау қабілетін
дамытып,графикалық редакторда барлық сурет салу элементтерін пайдаланып,өз бетімен сурет
салудағы қабілетін дамыту.
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілі:информатика журналдар,плакаттар,суреттер беру
Техникалық құралдар:Дербес компьютер
Пайдаланылатын әдебиеттер:Е.А.Вьюшкова,Н.В.Параскун,Б.Қ.Әбенов-Астана:"Арман
ПВ"баспасы 2013
Сабақ барысы:
1)Ұйымдастыру
2)Үй тапсырмасы
3)Үй тапсырмасын бекіту
4)Жаңа сабақ
5)Бекіту
6)Қорытындылау
7)Үй тапсырма беру
I.Ұйымдастыру
Сыныптағы оқушыларды тексеру.
сыныптың тазалығын тексеру.
техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп,қайталау.
Аққалаттың болуын қадағалау.
II.Үй тапсырмасын тексеру:
WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі
III.Үй тапсырмасын бекіту:
1.Мәтіндік редактор деген не?
2.Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар
3.Мәтіндегі абзацтар бір-бірінен қандай символмен ажыратылады?
4.Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?
5.Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақтағанда қандай пішімді таңдау
керек?
IY.Жаңа сабақ
Мәтінді теру және түзету ережелері
Мәтіндермен жумыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр
құжаттардан алып, оның жаңасын құруға туру келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер
бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер
дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой? Кітаптардан да ондайды көрмейсіңдер.
Тырнақшаларды, жақшаларды мәтіннен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі
маңызды.
Біз бұған дейін бірнеше құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін айтайық:
Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift рнесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – Caps Lock пернесін қос.
Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: жан-жақты, бетпе-бет, web-бет.
Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады: «Блокнот – қарапайым мәтіндік редактор».
Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізіледі және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. Ол пернелердің Ctrl + Shift + бос орын тізбектемесін терумен орындалады. Мысалы: 2013ж., 1 қыркүйек, Ш.Уәлиханов.
Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды: «Информатика» журналы, Целиноград қ. (қазіргі Астана қ.)
Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы: XXI ғасырдың басы.
Enter пернесін абзацтың соңына басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжу
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына бірден қалай жетуге болады? Көмекке Ctrl + End пернелер тіркемесі келеді.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Мәтін теру ережелерін сактай отырып, теріңдер.
Полкан деген ит
Біз мектепте оқып жүргенімізде ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген үлкен ит бар еді.
Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен айттым:
-Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайыныңды бере, - деп.
Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Артыма қарасам, ар жағымда ұстазым келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:
-Көрдің бе, анау Полканның сенен гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың немесе ренжітесің: Полкан, ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр, - деді.
В деңгейі
Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер.
Ғалам кісі
Бір ғалымнан жаңа дінге кірген бір адам:
- Тақсыр, мен иманды қалай үйренемін? – деп сұрапты. Ғалым айтыпты:
- Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен, - депті.
Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай, дағдарып қалыпты. Сонда ғалым айтыпты:
Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды – осының бәрін көресің; соларға қарап ой жібересің, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес; олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті Ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетсең, иманыңның жартысы тамам болғаны, - депті.
С деңгейі
Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер.
Жақтылықта жақылық - ісі әр кісінің,
Жамьандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.
Жүгірмеее Тіліңмен, біліміңмен жүгір.
Тамырымен мықты ағаш,
Адамн дос-жарымен мықты.
Аққыл көпке жеткізер,
Жеткізер Өнюер көкке.
Бас кеспекқ боллса да, тіл кессспек жоқь.
Біілгенің бірд тоғыз,
Білмбегенің тоқсан тоғыз.
Жжан қиналмай, жұмыс бітпес,
Талап қылмай, мұратқа жетпес.
Артында баласы қалсаа, көзі калды деее.
Артында сөзі қальса, өзі қалды де
Y.Сабақты бекіту,қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау
Бас әріпті қалай еңгіземіз?
Бос орын қай кезде қойылады?
Епter пернесін қай кезде басу керек?
Ұзын сызықша (тире) қалай қойылады?
Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.
YI.Бағалау
Бүгінгі сабақта үй тапсырмасы бойынша және жаңа сабаққа белсене араласып отырған
оқушыларды бағалаймын.
YII.Үй тапсырма беру
Мәтінді теру және түзету ережелері
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.99 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |