М.Әуезов «Көксерек»
Предмет:
|
Русский язык и литература
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Бахтыгереева Бибигул Таукеновна
|
Здесь была ссылка на работу М.Әуезов «Көксерек» автора Бахтыгереева Бибигул Таукеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов«Көксерек» әңгімесіСабақтың мақсаты:а) Білімділік: әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасына бойлау;ә) Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге ажыратуғы,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;б) Тәрбиелік: табиғатты қорғауға аялап баптап күтуге,адамгершілікке тәрбиелеу;Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағыСабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.бСабақтың көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі қағаздар, плакат т.бПәнаралық байланыс: тарих Сабақтың барыcыа) Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Қызығушылығын ояту: «Өзгешелікті тап» ойынын ойнаймызә) Үй тапсырмасын пысықтау:«Жедел жауап» Берілген сұрақтарға әрі нақты,әрі жылдам жауап беру керек1.Шығарманың авторы кім?2.М.Әуезов туралы не білесің?3. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс 4.Құрмашқа ауыл адамдары қандай ақыл айтты5. «Көксерек» әңгімесіндегі адамдардың қасқыр інін бұзу әрекетінен не байқауға болады?6. Көксеректі ауылға әкеліп асырағандары дұрыс болды ма?7. Құрмашты өлтіргені үшін Көксеректі кінәлау керек пе?8.Құрмаш қалай қаза табады9. М.Әуезовтың шығарманың тақырыбын таңдауға не себеп болды?10. Топ қасқырдың бастаушысы болуға Көксеректің қандай қасиеті немесе мінезі себеп болды.11. Көксеректің қолға түскен тағдыры тағы қалай қайталанады?12.Көзін ашпаған кішкентай кезінен жақсы көріп асыраған, талай рет талаған иттерден, күмәнді үлкендердің қолынан аман алып қалған Құрмашты Көксерек танымады ма, әлде аштық жеңді ме?Тағы қандай себептер болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?»Ішке-сыртқа» әдісіӘңгімені толық оқығандықтарына көз жеткізу үшін үй тапсырмасы «Ішке-сыртқа» әдісі арқылы жүргізіледі.Бұл әдіс бойынша оқушылар мәтіннен өзіне ұнаған үзіндіні немесе оқиғаны «ішке» жазады,ал ұнамаған үзіндіні немесе оқиғаны «сыртқа» жазадыб) Жаңа сабақты түсіндіру:Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы. Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.Әңгіменің композициялық құрылысына талдау 1 .Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры. 2. Байланысы-Көксеректің ұяластарымен табысуы. 3. Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық4. Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы5. Шешімі- Көксеректің жазасын тарту( суреттері көрсетіліп,тұсына тақтаға ілінеді)Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә,қасқырлар мен адамдар.)Олай болса, біз қазір топ болып,екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?4.ЕлестетіңізЕгер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?6.Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?Бес жолды өлең. сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік. 1.Қасқыр 2. Жыртқыш,қомағай. 3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды 4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті. 5. Бөрі,көкжал.1. Аңшы 2. Қырағы,сақ 3. Атады,көздейді, аулайды, 4. Аңшы қансонарда аңға шығады. 5. Мерген.Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды. Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар Қасқыр жүйрік, жылыс жоқ, Түлкі жүйрік дыбыс жоқ,Қоян жүйрік тыныс жоқ.6. Қасқыр байлағанға көнбес Шошқа айдағанға көнбес7.Қасқыр да жолдасына қас қылмайды.8. Бөрі көмеді, Түлкі ашады.9.Қасқыр тегін қанша тойғызсаң да Тоғайға қарауын қоймайды. Сұңқар самғасынан байқатар Қарға қалжасынан байқатар10. Бөрі арығын білдірмес, Итке сыртын қампайтар11.Бөрі кәрісін ұрады.Қорытынды«Әңгіме кестесін» құру.Әр оқушыға кесте беріледі. Сол кестені әр бірі өз түсінігі бойншаБілімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады. Үйге тапсырма: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша «Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды» тақырыбына шығарма жазу.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
22.44 Kb
|
Количество скачиваний:
|
21
|
Просмотров: 188
Похожие материалы