Музыка пәні тақырыбы: Саздан туған саз -Сырнай
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Айтбенбетова Джульетта Талгатовна
|
-Сәлеметсіңдер ме,оқушылар!Бүгінгі өзін –өзі тану сабағын мен өткіземін. Менің аты-жөнім Альмагамбетова Айзада Жұматайқызы. Бүгінгі сабағымызды мынау өлең жолдарымыздан бастаймыз.
Сабағымызға керекті,
Кітап дәптер алайық,
Тыныштықты сақтайық
Тазалықтан қашпайық
Даусымызды жаттықтырып,
Ән сабағымызды бастаймыз.
-Жарайсындар,балалар!Отырыңыздар!
- Балалар тақтада не көріп тұрсыңдар? (Сазсырнайдың суреті.)
-Балалар сендер бұл аспапты көргенсіңдер ме?
-Көргілерің келе ме?
-Ендеше мен сендерге сазсырнайды алып келдім сендер көрсін деп.
- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Саздан туған сазсырнай.
- Қараңдаршы балалар сазсырнай неден жасалған екен?
-Саздан жасалған.
-Дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше мен сендерге сазсырнайдың қалай жасалғанын айтып берейін. .
Ерте ,ерте,ертеде баяғы бір заманда Асан деген бала болыпты. Ол күнде өзінің ауылының қойларын бағады екен. Сөйтіп жүріп күн көріпті. Бір күні қойды өзен жағасына жаяды. Сол күні күн ыстық болады. Асан қатты шөлдеп , торсығына құйып алып шыққан суын ішеді. Бір кезде қолынан торсығы түсіп кетеді де суы жерге төгіледі. Ол жердің топырағы сазды екен. Асан жерге отыра қалып су араласқан сазды қолмен ұстап уқалап ұзақ уақыт отырады. Қолы талған соң оны тастың үстіне қойып , кептіреді де қалтасына салады. Сөйтіп отырғанда қойды ауылға апаратын уақыт болады. Қойды ауылға айдап келеді де тамағын ішеді. . Кешкісін достарымен өзен жағалауында отырғанда қалтасынан бірдеме қолына батқандай болады. Қараса манағы сазбалшық екен. Оны досы Асқар көріп, қызығып кетеді.
-Асан мынау не? Өзі қаздың жұмыртқасына ұқсайды екен деді таңырқап.
-Өзімде білмеймін. Мана қой бағып жүріп сазды уқалап көріп едім осындай сопақша көлемді болып шықты. Асқар қане маған көмектесші . мен бұдан бір ерекше аспап шығарғым келіп отыр.
-Асан айтты :
-Олай болса бұны отқа қыздырайық. Әкемнен көргендерім бар. Ол кейбір аспаптарды отқа қыздырып жасайды. Сонда ол аспап мықты болады дейді.
-Сөйтіп Асан мен Асқар сазды отқа қыздырады. Қыздырып болған соң әр жерінен тесіктер жасайды, ол әдемірек болу үшін жиектеріне ою салады. Екеуі түні бойы еңбектеніп таң ата ұйықтап қалады. Таңертен Асқар ұйқыдан тұрып қараса Асан балшықтан жасалған әдемі аспапты үрлеп тартып отыр екен. Әр үрлеген сайын әсем әуендер шығады. Сөйтіп оны барлық ауыл адамдары көріп таңданады. Өз жасаған туындысына Асан «саздан туған сазсырнай» деген атау береді. Себебі ол саздан жасалғандықтан. Осылайша сазсырнай дүниеге келген екен.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.04 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |