Музыка сабаға тақырыбы: "Аңыздан жаралған жетіген"

Предмет: Музыка
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

(Балалар сыныпқа саптық әуенмен кіреді)

- Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңыздар. Бүгінгі сабақты мен өткіземін. Аты – жөнім: Жаилғанова А.М.

Психологиялық дайындық:

Сабаққа біз даярмыз

Жалқаулықты қоямыз

Үздік оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз.

Дауысымызды жаттықтырып

Ән сабағын бастаймыз

- Балалар көңіл-күйлерің қалай?

Өте жақсы

Бүгінгі сабағымыз өзгеше болады біз бүгін жайлауға ежелгі ауылға жол тартамыз. Балалар қараңдаршы жолда бізде не кездесті? (асық)

- Дұрыс айтасыңдар, асық екен.

Балалар Асық – қазақ балаларының ертеден келе жатқан ойыны.Ендеше асық ойының ойнау ережесін мына бейне – баяннан көрейік. (ойын ережесі көрсетіледі).

- Асық Ойыны қалай ойнатылады екен?

- Жақсы, сендер асық ойынын ойналасыңдар ма?

- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз осы асықтарға байланысты шыққан көне ұлттық музыкалық аспап туралы болмақ.

- Қараңдаршы асықтың саны нешеу?

Жетеу.

- Ендеше оның қандай аспап екенін білгілерін келе ма?

- Онда жолымызды бөгпей, жол тартайық. Кімді көріп тұрмыз?

- Дұрыс айтасыңдар, ақсақалды. Ақсақал бізге жұмбақ жасырайын деп тұр? Ақсақалдың жұмбағын шешіп көреміз бе?

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар.

Әуезінен жеті тарау мұң шығар

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл қандай аспап?

(Жетіген)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.83 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 135

Похожие материалы