Ғұн қоғамының құрылысы туралы ашық сабақ
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Куттыгожа Нуржамиля Ислямкызы
|
Ғұн қоғамының құрылысы.
Тарих сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасы азаматының білім деңгейі өркениетті елдер дәрежесіне тең болуы үшін, олар ғылымның әр түрлі салаларындағы жаңалықтарды, қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді білуге, іскерлікпен меңгеруге дағдылануы керек. Әсіресе, жас жеткіншектің өмірден өз орнын тауып, сын сағаттарда тез оң шешім қабылдауы, тәуекелге бел бууға дайын болуы- қоғам сұранысына айналып отыр.
Қазіргі оқыту технологиясының бір ерекшелігі- оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни жадының алуан түрлерін ( есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту.
Оқыту барысындағы басты мақсат: оқушылар білімінің сапасын арттыру, іскерлік пен дағды, сенім орнықтыру, оқушылардың ынтасын көтеру, олардың ой-өрісін дамыту болып табылады. Оқытып, тәрбиелеу барысында әлі де болса олардың ойлау қабілетін дамытуға жете көңіл бөлінбей келеді. Мұның өзі –күрделі міндет, ол мұғалімнің шәкірттер ерекшелігі мен мектеп психологиясын қаншалықты меңгергендігіне байланысты.
Бұл талапты жүзеге асыру үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өздігінше орындайтын әр түрлі жұмыстарды , тапсырмаларды көбірек беруге және бірте-бірте күрделендіруге, олардың арасында ойлау қызметін дамытуға бағытталған тапсырмалардың жиірек болуына көңіл бөлу қажет.
Мұғалім бір тақырыптың мәнін түрлі әдістермен түсіндіргенде (әңгіме, әңгімелесу, құжатты оқып беру, суреттермен жұмыс жүргізу, және т.б.) оқушылар ынталанып, олардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен бірге оқушылардың ойлау, ойлану қызметі мен біліктілігі қалыптасады.
Қазіргі кезеңде тарихты оқытудың ұйымдастыру формалары мен тиімді әдістер қатарына мыналарды қосуға болады. Ұйымдастыру формалары: сабақ, лекция, семинар, біліктерді қалыптастыру және қолдана білуге үйрету, конференция, экскурсия. Тарих сабағының бұрыннан пайдаланылып келген тиімді типтерімен қатар, қазіргі озат мұғалімдер тәжірибесінде байқалатын сабақтың дәстүрлі емес: пікір-сайыс, рөлдік, түрлендірілген, театрландырылған, топқа бөліп жарыстыру, саяхат, сабақ-конференция, кеңес беру;
Әдіс- тәсілдер қатарына: суреттеп-сипаттап, әңгімелеу, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыру, оқушының жауабы туралы пікір айту, мәтіндегі негізгі мәселені табу, тарихты ауызша айтуға жаттықтыру, және т.б.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 46.53 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |