Научный проект на тему: "О вреде фаст-фуда"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

    «Фаст-фуд – денсаулықтың дұшпаны» деп аталатын Светлананың жобасыныңмақсаты: фаст-фуд денсаулыққа қаншама зиянды екенін дәлелдеу; оны пайдаланбауға насихаттау.   Бұл тақырып қазіргі  кездегі актуалдық мәселелердің бірі болып табылады. Көне заманғы қағидада бойынша:  «Ас - адамның арқауы» - делінген. Өкінішке қарай, біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану - біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет. Өткен ғасырдың 80-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын. Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде  фаст-фуд әдеттенуді туғызады. Гамбургерлер, чипсілер, кока-кола және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болып саналады. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік -зиянды дағдылардың нәтижесі. Светлана өзінің жобасы арқылы фаст фуд денсаулыққа үлкен зиянын келтіретінін дәлелдеді. Ол оқушылар арасында өткізілген саулнамада, медбикеден алған сұхбатта, өзі үйден жасалған эксперименттен фаст-фуд шынайы да адамның ағзасына қаншама зиянды екенін көруге болады.  

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 172 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 131

Похожие материалы