Наурыз мерекесі

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтан тыс жұмыс «Наурыз мерекесі» Мақсаты: Халқымыздың ұлттық мұрасына баулу.                   ән,өлең айту,би билеу, ойын ойнау. Көрнекілігі: ТСО,Ұлттық киімдер Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,балалар.                Сіздерді үлкен Наурыз мерекесімен құттықтаймын.                 Наурыз-жыл басы мерекесі. Бар табиғат оянып, жасарған бұл күн- «Ұлыстың      ұлы күні» - деп аталынады.   «Наурыз» - өлеңі Жамал: Наурыз тойын әдемі, Әжем еске түсірді. Біздерге арнап әдейі, Наурыз көже пісірді.   Заман: Ашылды да кебеже, Дәм әзірлеу басталды. Әжем наурыз көжеге Жеті түрлі ас салды.   Ксения: Бидай,күріш,тары бар Бар сүр етпен шұжығы. Ащы құрты тағы бар, Көже – елдің ірзігі.   Оқушылардың орындауында « Наурыз мерекесі» әні.   «Наурыз тойы» Дима: Жарқырады күніміз, Жайқалып жас гүліміз. Бақта құстар сайрайды, Жайнап көкте нұрымен. Жаңа дәстүр жырымен, Ел наурызды тойлады.   «Қонақты қарсы алу»-көрініс.   «Қамажай» биі.   Алмагүл: Көктем келді бау гүлдеп, Қырлар гүлдеп, тау гүлдеп. Көп сайрады құстар да, Көп сағынып келдім деп.   Күй. Қуаттың орындауында.   «Қазақ биі»   «Наурыз келді»-ән.   Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау: «Теңге алу», «Белбеу тастау», «Асық ойыны»   «Дастарқан» әні
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 23.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 113

Похожие материалы