Наурыз мейрамы құтты болсын!

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

1 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Құтты болсын мереке
Болсын думан береке.
2 жүргізуші:
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендерің сау; мықты болсын!
Аман есен болайық;
Баршаңызға тілерім осы халайық! деп мектеп директоры Тоқпаев Серік Қайырханұлына береміз
1 жүргізуші:
Еліміздің несібесі көп болсын,
Сиыр желіні толатұғын сүт болсын.
Жауын жауып, жер бетіне көк толсын,
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
2 жүргізуші:
Құт болып азат күн – Наурызы,
Шырқалсын қазақтың ән – жыры.
Жасына жас қосып баланың,
Алақай келді Жаңа жыл.
Әже киімін киген қыз шашу шашады.
Әже:Гулдана
Наурыз - көктем тойымыз:
Той дәмі мол: тойыңыз!
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
Төлдеді де малымыз,
Тамыр жайды талымыз!
Той жасап ел енді
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!
1 жүргізуші: Көп жасаңыз әже.
2 жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн – ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Ән: «Наурыз  думан» орындайтын Әмірхан Танат
1 жүргізуші:
Наурыз тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!

2 жүргізуші: Халқымыздың айтуынша, 21 - наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көрінетін қиял – ғажайып адам.
Осы кезде сырттан Қызыр баба кіреді
Қызыр баба:
Ау, аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар:
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рахатын тапты жан.
Күннің жаңа нұры бар
Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрам – бұл:
Қарсы алайық, тұрыңдар!
Бәрі орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап, келе жатқан жаңа күн – Наурызды қарсы алады...
Наурыз:Арай
Сәлем, ата – аналар!
Айналайын, балалар!
Қызыр баба, аман ба?.
Қызыр баба:Милат
Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның
Құтты болсын қадамың!
Көрермендер қол соғады Наурыз бас иеді.
Наурыз:
Ашық болса күніміз,
Ашылады нұрымыз:
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Жайнатамын гүл – гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.
Сүтті болсын малымыз!
Қызыр баба Милат: Көп рахмет, Наурыз қызым!
Қызыр баба: Ал, енді мен осы тойға деген өзімнің батамды берейін
Ал тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны!
Ананың сүтін ақтаңдар
Арларыңды сақтаңдар!
Кең пейіл, дарқан халқымыз,
Кеңейді дәстүр салтымыз:
Дәстүрін елдің сыйлаңдар!
Дәстүрлі салтты тойлаңдар!
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Әумин!!!
1 жүргізуші:Наурыз, Қызыр баба! Мың жасаңыз. Сізге көп рахмет!

Қызыр баба: Ал енді жиналған қауым біздер рұқсат болса үлкен сапарымызды басқа ауылдарда жалғастырмақпыз. Сау, болыңыздар!
2 жүргізуші:
Естиміз жыр мен сазды,
Қарамай мол мен азыңа.
Өн бойы шаттық, ән мен күй,
Наурызым ұлттық қазына!
5 – 11 сынып оқушылыры

1 жүргізуші:
Жүріңіздер наурызда басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен - саяқ.
Ән айтылсын,
Би биленсін қауым болып,
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп:
Би: «Қазақ биі» 7 – сынып оқушылары
2жүргізуші: Салт-дәстүрмен жарасса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп

Той тойлайық тамаша, демекші Ұлыстың ұлы күні жаңа күн болғандықтан көп жаңалық, қуаныш, игілік осы күннен басталуға тиіс. Ендеше 6 – 7 сыныптардың  «Ат қою», «Бесікке салу» көрінісің тамашалаймыз.

1 жүргізуші:Келді наурыз жар салып,

 Би билейік, ән салып
Жылда келсін Ұлыс күн
Тұрайық есен қарсы алып. Би:  9 сынып оқушылары «Дастархан биі»

2 жүргізуші: Тойды одан әрі 8 - сынып « Тұсау кесер» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар.

1 жүргізуші: Халқымыз Ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұзақ  ұшып келген күн», «жылдың жерге түскен күні», «Самарқанның көк тасы еріген күн», деген сияқты бейнелі сөздер сақталып келеді. Көрініс: 9 – 10 сыныптардың «Қыз ұзату» мен «Үйлену тойын» тамашалаймыз.

 2 жүргізуші: Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын күн мен ай,
Құтты болсын Наурыз той! Би: 8 – сынып оқушылары «Наурызбиі»
1 жүргізуші: Құрметті ата - аналар және көрермендер, мерекелеріңізбен!
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»
«Наурызға ақ жол»
«Жыл басы наурыз»
Мол болсын дәм - тұз»  Ән:  «Мереке тойы » орындайтын 11 сынып оқушылары
Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін  қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.64 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 172

Похожие материалы