Наурыз шілдехана тойы. (сахналық қойылым)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Мақсаттары:

Білімділік: қазақ халқының атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, ұлттық тәрбие туралы түсінік беру;

Дамытушылық:өлең,мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту.Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелілік: ата-ана,оқушы,ұстаз жұртшылық өкілдерін тарту. Қазақ халқының салт-дәстүрін,тілін,дінін,әдет-ғұрпын сақтауға,қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, сандық, ыдыс-аяқтар,т.б.

 Автор: Нағашы ата жағы Наурыз тойын тойлап жатқан кезде құда бала сүйінші сұрап келеді. Құда баланы келін қарсы алады.

                                                        1-ауыл

Автор: Нағашы ата жағы Наурыз тойын тойлап жатқан кезде құда бала сүйінші сұрап келеді. Құда баланы келін қарсы алады.

Келін: -Есенбісің құда бала?  Құда-құдағи, Еркежан мен күйеу баланың халі қалай?      Қандай қуаныш алып келдің?

Құда бала: -Бәрімізде аманбыз. Құда-құдағиларыңыз сәлем айтып жатыр. Сүйінші!Сүйінші! Ағатайымның атқамінері бар.

Нағашы әжесі (Айгерім): -Уа,халайық! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, Наурыз тойы құтты болсын, Тойларың тойға ұлассын. Келінжан, мына келіп отырған қонақтарға наурыз көжеден дәм татқыз.(көрермендерге көже береді)

Мына құда бала жай жүр ме екен?

Келін:  -Апа, Еркежанның кішкентайы бар екен. Құда бала соған сүйінші сұрап келіпті.

Нағашы атасы (Телжан): -Айналайын,сүйіншіңе қалағаныңды ал.

Құда бала: -Алдында бір келгенде жүйрік жорғаға көзім түсіп еді. Оңтайлы сәт келген сияқты,сүйіншіме соны қалаймын.

Нағашы атасы:  -Қалағаның болсын, ала ғой.

Нағашы әже: -Айналайын қыздарым,қонақ кәде болсын,құда бала

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 43 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 128

Похожие материалы