Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Утениязова Гаукар Каеповна
|
Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі.
Өндірістік оқыту процесінде көбінесе, қолмен және машинамен басқарылатын кәсіп салаларында шебер оқушыларға қайталау, «көшірме жасау» тәсіл арқылы іс – қимыл әрекетін көрсету жолымен үйретеді. Шебердің қимылының дәлдігі, шапшаңдығы және жұмысты сапалы атқаруда оқушыларға үлгі болады, олар да соны «дәл солай» етіп істегісі келеді. Әрине, бұл жерде өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілік деңгейі жөнінде айтып отырмыз, практикада бұл жай кейде басқа да болады. Кейде бұл іс - әрекеттерді көпшілікпен бірге мән бермей, қателіктер мен кемшіліктерге жол беруі мүмкін, қайталана берсе кейін ол дағдыға айналып, жұмысты сапасыз атқару әдеті пайда болады, бұл жас жұмыскерлердің қабілетіне, біліктілігінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, ұжымдық үйрету кезінде шебер қимылы дәл әрі нақты, үлгі түрінде жасалынып, дұрыс қабылдануы тиіс. Алғашқы үлгі олардың санасында дағдының іргетасы ретінде қаланып, көпке дейін есінде қалып қояды. Бұл тек өолмен атқаратын жұмыстарға ғана емес, ол құрал – жабдықтармен, машиналар мен аппараттар арқылы істелінетін жұмыстарға да тиесілі. Мына төменде: Еңбек процесін көрсету плакатының жалпы сұлбасын беріп отырмыз.
Бұл жағдайда тыңдаушылардың назарын мына нәрселерге аударк керек:
1.Еңбек тәсілдерін бастау және аяқтау процестерін біртұтас етіп көрсету қажет. Алдымен бөліктерді жайлап, сосын ара – жігін қосып іс -әрекетті тұтастай қимылға көшу арқылы ұғындырған абзал.
2.Педагогикалық қимылына тәсілмен жауап беру, оның қимыл элементтері бөлшектеп әрі тұтастай ұғынып алу, білік дағдыларын қалыптастыру үшін маңызды мақсат болып табылады.
3.Әсіресе, оқушылар көп қателік жіберетін іс - әрекет түріне басты назар аудару керек.
4.Жасаланатын бұйым не іс - әрекет, қимыл түрлері саналы болу үшін жақсы көрініске ие болғаны жөн: көрсетілітін жер дұрыс таңдалып алынғаны абзал, жарыс болуы керек, шебер мен оқушылардың ара қашықтығы анық көрінетіндей жағдайда болғаны дұрыс.
5.Әрбір қимыл элементтерін көрсететін үлкен плакаттар, көрнекі құралдар я мультимедиялық жүйелер арнайы экранда көрсетілсе оның тиімділігі анағұрлым артық еді.
6.Өндірістік оқыту шебері алдындағы жұмыс орнында атқарылатын іс - әрекет операцияларының әрбір қимылына нұсқау картасы болуы қажет, әрбір тәсілге арналған ұсыныс беріледі де қимыл - әрекет көрсетіледі. Сөз бен қимыл - әрекетті есту әрі көру арқылы оқушыларда қабылдау, игерту әрекетін жеңілдетеді.
7.Бұл әдісте шебердің қимыл- әрекеті мен онв сипаттап тұрған сөйлеу процесі өзара үндесіп, біртұтас көрінуі үлкен маңызға ие. Әрине, мұнда көпсөзділікке, артық қимылға әдеттенудің қажеті жоқ. Іс – қимыл нақты, оны сөзбен сипаттау бір мезгілде кезек – кезегімен іске асуы қажет.
8.Сөз бен істің бірлігі оқушылардың тәсіл мәнін сапалы игеруіне, дұрыс қабылдауына жағдай туғызады. Кейін олардың өзіне де шебердің осы істегенін сөзбен қайталау арқылы көрсетіуі қажет. Бұл олардың өзін - өзі бақылауын, қимылдың дұрыс бағытта жүргізілуіне септігін тигізеді.
Бірақ шебер жұмысшы, сөзі – оларғаүлгі. Сондықтан, өндірістік оқыту шеберлерінің әдістемелік қабілетін арттыруға, педагогикалық біліктілігін көтеруге айрықша мән берілуі тиіс. Оны білім жетілдіру институттары, өндірістік оқыту шеберлерінің арнайы семинарларында, педагогикалық үйірмелерде, практикумдарда ұдайы жетілдіріліп, оқушылар арасында түрлі мамандықтар бойышша байқаулар, жарыстар өткізу арқылы шеберлігін арттыруға болады.
Енді, өндірістік оқыту сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдар түрлері, оларды тиімді пайдалану әдістеріне сипаттама берейік:
v Көрнекі құралды көрсету қимыл – тәсілдермен үйлестіріліп, техникалық – технологиялық, талаптар онда сақталуы қажет.
vЖұмыс үлгілері, бұйымдар, құралдар, жабдықтар, аспаптар, бөлшектерді арнайы стендке орнатқан жөн, ол салыстыру, талдау, түсіндіруде тиімді, егер ұсақ үлгілері болса, әр оқушыға үлестіріп берген дұрыс.
vТехнологиялық процестерді түсіндіргенде өңдеу, жинау және бөлшектеу жұмысында дайын өңделген, құрастырылған өнімдер үлгісін пайдалану керек.Мұнда технологиялық бірізділік қатаң түрде сақталуы тиіс.
vКөрнекі құрал ретінде көлемді қораптар, қозғалтқыштар (двигательдер), агрегаттар, аспаптар мен құрылғыларды пайдаланған кезде, олардың сыртқы қорғаныштары, қақпақтары ашылып, айшықты, түгел көрінуі тиіс.
Көрнекі құралдардың келесі түрі – экрандық (аудио, бейне) материалдарды пайдалану тәсілдері. Өкінішке орай, алдыңғы айтқан көрнекі құрал түріне қарағанда мұны пайдалану сирек. Өйткені, оқу фильмдері, диафильмдер, слайдтар т.б. экрандық көрнекі құралдар орталықтандырылып шығарылып, пәнді теориялық оқытуда көбірек қолданылады. Өндірістік оқытуда негізінен ертеректе шығарылған фильмдер мен диафильмдер қолданылады (олар көбінесе слесарлық жұмыстарды атқаруға, олардың операцияларының орындалу бірізділігін көрсететін фильмдер). Бұл салада кейінгі кезде кең өріс алған бейнефильмдер мен ақпараттық технология қызметін пайдалану мүмкіндіктері мол. Өндірістік оқыту материалдарын игертуде пайдаланылатын әдістің бірі – оқушылардың өзіндік бақылауы. Бұл әдіске жататындар - өндірістік экскурсия, практика өткізілетін цех, учаскемен ондағы құрылғылар мен жабдықтармен таныстыру.
Оқушыларға алдын – ала бақылаудың мына тәсілдерін үйрету керек:
vБақылаудың мақсаты мен тәртібін хабарлау;
vНегізгі нысанды ажырататын бақылау;
vБақылау біткен соң, нәтижесін білу үшін жауап беретін сұрақтарды беру;
vБақылау кезінде кездесетін қиыншылықтарды ескертіп, оны жою жолдары туралы нұсқау беру;
vОларды ұдайы назарда ұстап, көмек беріп отыру;
vОқушылардың өзіндік бақылауының қорытындысын жүйелі шығару;
Өндірістік оқыту шебері нұсқауымен 2-3 оқушы іс – қимыл әрекеттерді қайталап көрсетіп береді. Олар кәсіби қимылдық тірек элементтері болып, бірдей я әртүрлі әрекеттер болуы да мүмкін.
Мысалы: Слесарь – жөндеуші мамандығы үшін бұл тегістеу тәсілдері, қиғаштап аралау не кесу, жону жұмыстарының кезеңдерімен атқарылуы болып табылады. Сондай – ақ әмбебап – жонғылағыш, бақылау - өлшеу аспаптарын ретке келтіруші. Сәндік бұйымдар шебері (мастер декоративных изделии) мамандақтары бойынша тиімді практикалық жұмыстың соңына таман бүкіл оқушылар ұжымы, іс - әрекеттерді өз бетінше қайталап, тұтастай атқарады. Оқытушы не өндірістік шебер бұл кезде бұрынғы жіберген кемшіліктерін қайталау жағын ескетеді.
Сонымен қорытып, өз пікірін білдіреді.
Жаттығу - өндірістік оқытудың негізгі әдісі оқулықтарда, әсіресе, практикалық жұмыстар кезінде жаттығудың мәні, оның дидактикалық маңызы, басшылық ету, өндіріс шеберінің алдындағы нұсқау беруі туралы т.б. мәселелер жеткілікті айтылған. Практикалық курс бағдарламасы жаттығу әдісі арқылы материалды игертуге бағытталуы тиіс. Оқулықтарға жазылған тәсілдерді іске асырып, оны дағдыға айналдыру үшін шебер де, оқушы да ерінбей тер төгуі қажет, онсыз кәсіпке машықтану – қиын іс. Өндірістік оқыту шебері өтілетін практикалық жұмыстарды бөлімдерге бөліп алдын – ала мұқият өзі танысып алуы қажет. Әрбір өтілген әрі алда өтілетін практикалық жұмыстар кезең – кезеңімен бір – бірімен сабақтасып жатқаны жөн. Жаттығуды өтпес бұрын алдымен атқарылар іске жалпы сипаттама беріп оған талдау жасалынады. Сосын қимыл - әрекеті бірнеше рет қайталайды, мұнда сандық көрсеткіштер бірте – бірте сапалық көрсеткішке ұласуы тиіс. Кейде, бұл әрекеттер біліктілік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізуі де мүмкін. Өндірістік оқыту шебері бұл жағдайда әрбір қимылдарды, оның кезеңдерін конспект етіп жаздырып мына талап – сипаттамаларға қысқаша түсінік беруі тиіс:
1.Жаттығу – бұл тек қайталау ғана емес, сонымен бірге алға қарай жылжушылық әрбір жаттығу – кәсіп игеру машығы.
2.Әрбір жаттығудың өз алдына мақсаты болуы тиіс: нені оқу керек?, не істеу керек?, қалай істеу керек?, нәтижесі қандай?т.б .Жаттығу мақсаты оқушыларға саналы түрде түгел жеткізілуі тиіс, оны бес саусағында білуі керек.
3.Жаттығу шебердің басшылығымен жүгізіледі. Шебер мақсаты мен оқушы мақсаты – бір. Жаттығу кезінде оқушы қызметіне түзету ендіру – оқу мақсатына бағытталуы тиіс.
4.Оқушылар жаттығуды саналы түрде атқаруы тиіс, мұнда саннан сапаға көшу ұстанымы негізгі бағытқа ие.
5.Жаттығудың тиімділігі, нәтижесі оқушы қызығушылығы мен ынта – жігеріне де тікелей байланысты.
6.Жаттығу барысында оқушылар өз ісіне бақылау жасап, оның нәтижесін білуі қажет. (қимылды бейнелі көрсету, эталон, жұмыстық сызбалар, техникалық талаптар, тренажер белгілері, істеген өнім т. б.)
7.Іс - әрекетің, қимылдың әрбір кезеңінде оқушы қандай жетістіктерге жететінін білуі керек, түпкі мақсат жолында әлі де не қажет екенін бағдарлай алуы қажет. Оны мына сызба арқылы байқауға болады.
Келесі маңызды тақырып атауы – жаттығуларды жіктеу.
Оны 2 жақтан қарастыру керек:
Жаттығуларды мазмұнына қарай жіктеу өндірістік оқыту кезеңдеріне сай келеді. Мына төмендегі кесте бойынша (үлгі) жаттығуларды түрлі санаттарына қарай жіктеу соңғы уақытта кәсіптік білім беру саласында жиі қолданылып жүр.
Жаттығулардың жіктелуі
Өндірістік оқыту барысында жаттығуларды осылай жіктеу арқылы бұл процестің бірізділіктен, біртұтас және сабақта жүретін еңбек процесі екендігін байқадық. Неғұрлым оқушылар көбірек жаттығып, машықтана бастаған сайын олардың бойында білім, білік және дағдылық әрекеттері қалаытасып, байыту мақсат кәсіп шеберлігіне деген негіз қалана бастайды. Демек, жоғарыда айтып кеткен жаттығу - өндірістік оқытуда «кәсіптік біліктілікті қалыптастыратын, ірге тасын қалайтын негізгі әдіс» атты дидактикалық қағидамыз дұрыс екендігіне көзіміз жетіп отыр.
Шынында, кәсіп шеберлігінің негізін игеру үшін біртіндеп қарапайымнан күрделіге, оңайдан қиынға кезең – кезеңімен жаңа оқу - өндірістік міндеттерді игеру, оған машықтану, жаңа биіктерге көтерілу жаттығудың басты белгілірі. Әрбір жаттығудан соң белгілі бір дәрежеде өндірістік тәжірибе жинақталып, жетілдіріледі. Өндірістік оқыту процесі кезінде басты тірек болып тұрған, күрделі мақсаттарға жетуде және тұлғаның бойындағы еркешелікті көрсетіп тұратын – ол өндірістік өзіндік еркіндік, қандай жұмысты өз бетінше атқарушылық, одан туындайтын басты нәтиже – кәсіби шеберлік. Ол шексіз, оның деңгейі де, мүмкіндігі де жеке тұлғаның танымдық қасиеті мен творчествалық қабілетінің, ізденісінің жемісі болмақ. Соңғы айтарымыз, өндірістік оқыту барысында тыңдаушыларға «жаттығу» және «өз бетінше орындау» деген ұғымды жиі қайталап, айтамыз, мұны ажырата білуді үйретуіміз қажет. Өдірістік оқыту мазмұнын, оның орындалу кезеңдерін әбден машықтанып, шебер білікті жұмысшы арқылы игеріп алған соң, оны өз бетінше орындауға дағдылана бастаған дұрыс. Демек, бұл екеуі тізбектелген біртұтас құбылыс деп айтсақ та болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 131.06 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |