«Үнемі іздену ғана, нағыз тұлғаны қалыптастырады»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

ҰСТАЗ БОЛУ – ӨЗ УАҚЫТЫН АЯМАУ, ӨЗГЕНІҢ БАҚЫТЫН АЯЛАУ

«Үнемі іздену ғана, нағыз тұлғаны қалыптастырады»

Бірде интернет беттерін ақтарып отырып: «Ұстаз ойшыл болмаса, шәкірт ұшқыр болмайды» деген ежелден дана да, кемеңгер, ойшыл да сыншыл болған халқымыздың айтқан сөздерін көзім шалып қалды. Міне, дәл осы күннен бастап артқа, яғни өткен педагогикалық тәжірибеме көз жүгіртіп, оқушыларымның қазіргі және болашақтағы өмірден алатын орындары, мені ойға бір шомылдырды. Ойлап қарасам, мен өз білгенімді оқушыларға барынша үйреткеніммен, оларды көп жағынан шектеп қоятынмын. Мен оқушылардан өз үйреткенімнің ең көп дегенде 70 пайызын алып отыратынмын.

Міне, осы күннен бастап мен өз тәжірибеме «Әлемнің өзгеруін қаласаң, алғашқысы өзің бол» деп үнді елінің ойшылы Махатма Ганди айтқандай өз еңбегіме түбегейлі өзгеріс енгізу керектігімді түсіндім.

Мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар және өз ісінің шебері болуы керек.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 72.32 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 110

Похожие материалы