Новый год (на казахском)

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Тесты
Автор:
Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.  Жігіт:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум! Қыз: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер! Жігіт: Аппақ бүгін қыр, далам, Ақ мақтаны жапқандай! Бүкіл әлем – бір ғалам, Қонақ күтіп жатқандай.   Қыз: Көңілде көп қуаныш, Әр көңілде - әр қылық. Кетер жылға мың алғыс, Әкелген көп жақсылық.   Жігіт: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де көрмегенде арманда. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. Қыз: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып, арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. Жігіт: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Жылқы жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры  Күлжан Жұмашқызын  ортаға шақырамыз!   Қыз: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар, Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар. Әнші қызымыз ән салғанда беу шіркін, Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек Анелдің  орындауындағы ... (Жаңа жыл тақырыбында) әні. Қарсы алыңыздар!   Жігіт: Уа, халайық жараңдар, Айналаға қараңдар! Жаңа жылдың бұл тойын, Салтанатқа санаңдар. Қызық көріп, шат болып, Шаттық күліп тараңдар, Қыз: Уа, халайық құрметті, Көмейіме жыр кеп тұр Жаңа жылды қарсы алып, Өткізейік дүрмекті. Жігіт: Уа, халайық той бүгін,             Бақыт, шаттық мол бүгін.             Қарсы алайық Жылқы жылын             Ұзатып сап Жыланды!      
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.6 Kb
Количество скачиваний: 30
Просмотров: 150

Похожие материалы