Нәтижеге бағытталған жаңа білім

Предмет: География
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім  беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды»- деді. Осыған орай еліміздегі білім саласын дамытуға арналған іс — шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Қоғамның қарқынды дамуы негізінен жастардың білімі мен мәдениетінен айқындалады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп отандық педагогтар алдына бағдарлы  мақсаттар қойып, « Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған ірі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып  дамыту үшін жауапты» - деп міндет жүктеді. Сондықтан да қазіргі таңда білім беру салаларына оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу, оқу жүйесін жаңа бағытқа алып келу  міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзырлы тұлғаны қалыптастыруға  ықпал ету.  Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен  күтілетін нәтиже негізгі құзырлылықтардың қалыптасуымен айқындалады. Құзырлылық – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Бүгінгі күні көкейкесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Сабақта әр түрлі технологияларды жобалау және құру жеңіл іс емес, алайда ол – уақыт талабы.  Алдына қойған мақсаттарға жетуде  және оқу материалдарының  соған қызмет  етуін қамтамасыз етуде мұғалім кез келген педагогикалық технологияларды қолдана алады.  Жалпы алғанда құзырлылық –оқыту сапасын арттырудың кепілі  болып саналады. Міне, бүгінгі күннің өзінде кең сұранысқа ие болып отырған педагогикалық технологиялар түрін дұрыс таңдап қолдану сабақтың тиімділігін, оқудың 80 % нәтижелілікке жетуін қамтамасыз ете алады. Ал сабақ жетістігінің 20 %-ы ғана 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.42 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 86

Похожие материалы