"Обал мен сауап" (2 сынып)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Намазова Дана Галимоллаевна
|
Мектеп : № 36мектеп-гимназиясы
Мерзімі:
Сабақ саны:№19
Тақырып : Обал мен сауап
Құндылық : "дұрыс әрекет"
Қасиеттер: мейірімділік
Мұғалім: Намазова.Д
Сынып 2 "а,ә,б,в,ғ,д" Оқушылар саны
Сабақтың мақсаты:"Мейірімділік" адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
· Обал мен сауап туралы түсінік беру;
· Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;
· мейірімділікке,үндемей білуге тәрбиелеу.
Ресустар:(құралдар,
мәліметтер) дәптер,оқулық
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ барысын талқылау:
Әңгімелеу
*"Обал болады"деген сөзді жиі естисіңдер ме?Неліктен?
*"Сауап болады" деген сөз қандай жағдайларда айтылады?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып,өзім қорытындылаймын.
-Обал мен сауап мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас ұғымдар.Обал-жақсы нәрсенің қадірін біл,болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген ұғымды білдіреді.
Сауап- адамға жақсылық жасау,табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу дегенді білдіреді.
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға обал мен сауаптың мәнін жете түсіндіру үшін "Обал деген не?"мәтінін оқу ұсынылады.Мәтін оқылып болған соң түсініктерін байқау мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылады:
*Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?
*Нанды жерге тастау дұрыс па?
*Балаларға обал туралы не айтар едіңдер?
Дәйексөз
"Обалды біліп өссең-сауапқа кенелесің"
-Үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды"обал болады"деп айтып отырып,кішілерді,балаларды жаман әдеттерден сақтандырады."Сауабын аласың"дей отырып,жақсы істер жасауға жетелейді."Сауабын аласың"дегеннің өзі,бұл-жақсы іс істегенің,жақсылыққа жетесің,алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді.Сондықтан үлкендердің бізге "обал болады","сауабын аласың" деп айтқандағы тілін алып отыру,бізді үлкен жақсылықтарға жеткізеді.
Ойын-жаттығу
Орамалды түйіп,бір сөйлемді бастап орамалды бір оқушыға лақтырады,орамал кімнің қолына тисе сол оқушы сол сөйлемді "обал болады" немесе "сауап болады" деген сөйлеммен аяқтауы тиіс.
Мысалы:-Көк шөпті жұлма,обал болады.
-Құмырсқаның илеуін таптама,обал болады.
-Қарияның жүгін көтеріс,сауап болады.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма:
Дәптерде берілген суреттерді бояңдар.Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып,жазыңдар.
Үйге тапсырма
"Обал деген не?" мәтіннің түсінік айту.
Соңғы тыныштық сәті.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.33 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |