Қолданбалы курс авторлық бағдарлама Химия "Мұнай химиясы және аймақтың экологиясы" 11-сынып
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА
|
Саралап оқыту принципі бастауыш мектептен бастап негізгі, жоғары буында ерекше орын алып келеді.Мектепте жоғары сатыда оқытудың негізгі міндеті оқушыларды мамандық таңдауға, болашақта өндірістің қай саласында еңбек ету мүмкіндіктерін болжауға жағдай туғызу.
Мектеп жергілікті жердің сұранысын, ерекшелігін ескере отырып , кәсіптік бағдар беруге толық мүмкіндігі бар.
Жоғары сатыда оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына, рухани ерекшелігі, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты. Саралап оқытудың негізгі бағыты сол аймақта өндіріс орындарына мамандар дайындау міндеттеріне негізделеді. Ол үшін өндірістік
комплекстердің күйі мен дамуын ескеру қажет.
Мысалы, Оңтүстік аймақта барлық өндіріс салаларын төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
1) ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу;
2) минералды ресурстарды өндіру және өңдеу;
3) еңбек ресурстарын қолдану;
Осы аталған топтарды төмендегідей өнеркәсіп салаларына жіктеуге болады:
1) жеңіл және тамақ өнеркәсібі;
2) түсті металлургия, химиялық және цемент өнеркәсібі;
3) машина құрылыс , машина өңдеу және ағаш өңдеу өнеркәсібі;
Қазақстанда табиғат байлығы кең таралғандығы , жер қойнауында тас көмір , мұнай, газ, түрлі рудалар, металдар, фосфориттер және тағы басқа пайдалы қазбалар қоры бар екендігі мәлім.
Мұғалім сабақ барысында химиялық өнеркәсіптің шикізаттары туралы ғана емес, сонымен қатар олардың құрамы мен қасиеттері, өндіру әдістері және олардың табиғатта таралуы мен қолданылуын, оларды физика – химиялық негізде қайта өңдеу әдістері туралы кең мағлұмат береді.
Республика аймақтарының әр түрлілігі тек климаттық, географиялық, экологиялық жағдайлары жағынан ғана емес, сонымен қатар шаруашылық - өндірістік жағынан да айырмашылықтары болады.
Қазіргі заманның талабына сай қоғамымыздың , әлеуметтік - экономикалық
және ғылыми – техниканың дамуына байланысты білім мазмұнын жетілдіру мәселесі тұр. Сонымен қатар білім мазмұнының жылжымалы (вариативті) бөлігін іске асыруда жоғарыда аталған қолданбалы курс жобасын ұсынып отырмыз.
Курс әсіресе Батыс Қазақстан аймағындағы Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау мектептерінде өткізу тиімді .
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.
Курстың мақсаты : Оқушыларға аймақтың химиялық өнеркәсібі, оның технологиясы, қолданылуы және олардың қоршаған ортаға әсері туралы терең білім беру.
Курстың міндеттері:
- оқушылардың теория мен практиканың өзара байланысын дәлелдеуіне көз жеткізу ;
- оқушылардың өз жеріне деген патриоттық сезімін дамыту;
- оқушылардың пәнге қызығушылығын танымдық белсенділікті арттыратын қызықты тәжірибелер, өндірістерге экскурсия ұйымдастыру арқылы қалыптастыру;
- жаңа ақпараттық технология әдістерін ( видеофильм, электрондық оқулық, интерактивті тақта т.б. интерактивті технологияны) қолдану арқылы білімдерін тереңдету;
- оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ой салып , әсер ету ;
- оқушыларға экологиялық білім, экологиялық сана , экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениеттілік қалыптастырып дамыту;
- табиғат қорғау мәселесін қажеттілікке айналдыруға тәрбиелеп, бағыттау .
- жергілікті жердің экологиялық жағдайын ескере отырып, денсаулық сақтау технологиясына көңіл бөлу .
Бұл курсты жүзеге асыруда мұғалім жергілікті жер материалдарын қолданумен қатар, өндірістегі құбылыстарды бақылау, экскурсиялар ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау ерекшеліктерін ескергені жөн. Мұғалім Қазақстанның химия өнеркәсібінің жетістіктерін қарастыру барысында оқушыда өзінің еліне, аймағына деген патриоттық сезімін тәрбиелейді және Республикада химия өнеркәсібін құру кезеңінде не дамыту барысында басқа елдің көмектері, тәжірибе алмасу ролін байқауға болатындығына көз жеткізеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 34.53 Kb |
Количество скачиваний: | 201 |