"Қонақжай" тақырыбына сабақ жоспары (дүниетану,3- сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Қонақжай.

 

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Қонақ күту – қазақ халқының дәстүрлерінің бірі. Бұл - адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенін түсіндіру. «Қонақжай», «меймандостық» деген ұғымдарды түсіндіру.

                                    2. Дамытушылық мақсаты: Ой - өрістерін, сөйлеу мәдениеттіліктерін, адамгершілік сапаларын дамыту.

                                   3. Тәрбиелік мақсаты: Әдептілікке, қамқорлыққа, ізгілікке, сыйластыққа, адалдыққа, салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекіліктері: Ұлағат сөздер, суреттер, сызбалар, тест,  техникалық құралдар, киіз үй макеті, дөңгелек үстел, орындық, қоржын.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Әңгіме сабақ.

 

Сабақтың типі: Жаңа білімді оқып үйрету.

                            

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Әңгіме, сұрақ –жауап, көрнекілік, оқулықпен жұмыс, топтық, жұптық, тест.

 

Сабақ барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі: Бүгін бізде ерекше сабақ болады.

                                   -Бізге кімдер келіп отыр?

                                - Иә, қонақтар. Бүгінгі біздің сабағымыз да қонақжай туралы.

                             -Ендеше бір - бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлап, сәттілік тілейік.

 

ІІ. Жаңа сабақ:

    1. Тақырыпқа әкелу:

                        - Қонақ келгенді ұнатасыңдар ма?

                         -Үйлеріңе қандай қонақтар келеді?

                         - Қонақ деген кімдер?

                         - Үйге келген кісілер.

                         - Оларды шақырамыз ба?

                         - Иә. Шақырылмай да алыстан ағайын - туыстар келеді.      

 Арнаулы шақырылатын жора - жолдас, туыс – туғандар, алыстан келген ағайындардың барлығын қонақ дейміз.

  Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «қонақжай» деп аталады. Бұл сабақтағы біздің мақсатымыз бен міндетіміз: қонақжайлық деген не, қонақты күту рәсімі, оның қажеттілігі туралы, адамдардың арасындағы сыйластық, өзімізді қандай әдепті бала екенімізді көрсету, білу.

 

 

 

 

     2.     - Қонақ келгенде не істейсіңдер?

             - Қонақтарды күтеміз.

Кісі күту, қонақжайлылық ата - бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрінің бірі. Әр халықтың қонақ шақыру дәстүрі әр түрлі. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Қазақ халқы қонақжай.

 

      Ендеше екі топ болып қонақты қалай қарсы алатынымызды көрсетейік.

(қоржынннан жағдайатты сұрақтар алып, жауабын рөлмен көрсету)

 

 Қолжындағы сұрақтар:

1).Үйіңе келген қонақты қалай қарсы аласыңдар?

2). Қонақты қалай күтесіңдер?

Қонақты күтуді, қарсы алуды біледі екенбіз, рақмет.

 

 

 ІІІ. Оқулықпен жұмыс: 103-104 беттерді өздерің оқып,түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеп отырыңдар.

 

 Сөздік жұмысы: балалардың белгілеген түсініксіз сөздерін түсіндіру.

 

-Мейман деген кім?

-Арнайы шақырылған кісіні немесе өздігінен келіп қалған үлкен кісіні мейман дейміз

.

 Проектордан оқып,

«Қазақ қонақсыз болмайды», «Қонақжай үй екен» сөздерінің мағынасын ашу.

 

-Қонақ келген кезде қандай көңіл күймен қарсы алу керек?

Мына сөздерді қонақ келген кездегі көңіл күйлеріңмен оқып көріңдер.

 

Проектордан оқу. (екі топтан бір – бір бала оқиды)

 

«Сәлеметсіз бе»,  «Келіңіз жоғары шығыңыз», «Отырыңыз, төрлетіңіз», «Қане, шешіне қойыңыз», «Иә, жұмысыңызды айтыңыз»

 

 - Қай топ жақсы оқыды? 

«Көз – адамның айнасы » сөз адамның бет пішінін білдіреді. Адамның көзінен, жүзінен оның қандай көңіл күйде екені сезіліп  тұрады. Сондықтан келген қонақты жылы жүзбен, шын көңілмен қарсы алу керек.

 

 3. Қонақ түрлері жайлы аңызды топтарға беріп, топпен оқып, бір - біріне түсіндіріп, талдайды. Әр топ мазмұндайды.

   

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 41.5 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 127

Похожие материалы