Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жылкыбаева Айгуль Толкынбековна
|
Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Мен, Жылқыбаева А.Т., 5-сыныпта сынып жетекшісінің міндетін атқарамын. Сыныпта 7 оқушы: 2 – қыз бала, 5 – ер бала. І тоқсанда үлгерім сапасы 100% құрап, 2 оқу озаты (Мукашев Б., Кунибаев А.) және 5 екпінді оқушы болды. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша сыныпта 1 оқу озаты (Мукашев Б.), 6 оқушы екпінділер қатарында, жалпы үлгерім сапасы - 100%. Балалардың тәртіптері жақсы, барлық қоғамдық, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысады. Сынып бойынша тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша жоспарлар құрылып, бекітілді. Іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиесінің мақсаты: Отан алдында жауап беру қабілетін қалыптастыру, қоғам өміріндегі маңызды мәселелер жөнінде азаматтық позициясын қалыптастыру, ал міндеті өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген құрметті күшейту, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру болып табылады.
1-қыркүйек күні алғашқы Бейбітшілік сабағын өткіздім. Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қонаққа оқушылардың ата-аналары келді. Ата-аналармен бірге оқушылар топтық жұмысқа қатысып, Ата Заң - Конституцияның негізгі баптармен танысты, «құқық» пен «міндет» деген ұғымдарының мағынасын білді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 9.89 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |