Организмнің біртұтас екендігі 9 сынып
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кайнарбекова Кымбат Кайнарбековна
|
Тақырыбы: Организмнің біртұтас екендігі
Мақсаты:
Білімділігі: Тірі ағзалар туралы алған білімдерін қайталау , тірі ағзасының біртұтастылығын дәлелдеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың салыстыра білу, кесте толтыру, танымдылық қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз денсаулығын күте білуге, дене мүшелеріне немқұрайлы қарамауға үйрету, биологиядан сауатты тұлға тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс.
Анабиоз (гр. anabіosіs – жандану, қайта тірілу) – қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік қабілетінің уақытша жойылып, не мүлдем әлсіреп кету құбылысы немесе эволюциялық даму жолында организмнің тіршілік ортасына физиологиялық бейімделуі; уақытша күй, мұнда өміршендік процесстердің баяулатылғандығы соншалық тіршіліктің барлық құбылыстары толығымен байқалмайды.
Анабиозға түсу мүмкіншілігі, ағзаның өмірдің күрт келеңсіз жағдайында тіршілік етуіне ықпал етеді. Анабиоз өсімдіктердің және жануарлардың микроағзаларында таралған. Өмір сүру үшін қолайлы жағдай туганда анабиозға түскен ағзалар белсенді өмірге қайта оралады.
Анабиоз құбылысы омыртқасыз жануарларда, әсіресе, микроорганизмдер арасында жиі байқалады, сондай-ақ омыртқалы жануарлар мен өсімдіктер арасында да кездеседі. Кептіру, мұздату, қыздыру сияқты әсерлерге спора түзетін бактериялар, көзге көрінбейтін саңырауқұлақтар, қабықтанғыш қарапайымдар (циста түзетіндер) өте төзімді келеді. Анабиоз құбылысына мысал ретінде көптеген өсімдік тұқымдарының кептіргеннен соң ұзақ уақытқа өзінің өну қасиетін сақтап қалуын келтіруге болады. Жануарлар арасындағы Анабиоз құбылысын 1701 жылы голланд ғалымы А.Левенгуг ашқан. Гидра, құрт, моллюска, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар Анабиоз құбылысы кезінде денесіндегі судың 1/2, кейде 3/4 бөлігін жоғалтады. Анабиоз қоршаған орта температурасы 0°С-қа төмендеген кезде қысқы ұйқыға кететін сүтқоректілерде де байқалады. Жасанды Анабиоз кезінде жануарлардың организміндегі тін аралық сұйық мұзға айналмай, тек тоңазыған қалпында болса ғана ол қайта тіріледі. Ал жасуша және белок молекулаларының]] құрам құрылымын бұзатын мұз кристалдары пайда болса, жануар қайта тірілмейді. Сүтқоректілердің қысқы ұйқысы мен тоңазу салдарынан болатын Анабиоз олардың жазғы ұйқысы мен құрғақшылық салдарынан болатын Анабиозға ұқсас. Анабиоз құбылысын кептіру, тоңазыту арқылы қолдан жасап, оны құрғақ тірі вакцина, бактериялар, вирустар, ісік жасушаларын, адам организміне қайта отырғызылатын түрлі тін және мүшелерді ұзақ уақыт сақтау кезінде қолданады. Жүректі, өкпені, миды хирург. жолмен емдегенде адам денесін тоңазыту, сондай-ақ ғарышқа ұшқан ғарышкер организмінің зиянды әсерлерге төзімділігін арттыру үшін де Анабиоз құбылысының маңызы зор.
Биологиялық сағат – жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау қасиеті. Ол жасушалардағы физикалық-химиялық және физиологиялық процестердің белгілі бір уақытта қайталанып отыруына (биологиялық ырғақ) негізделген. Мұндай қабілеттілік бір жасушалылардан бастап адамға дейін – тірі ағзалардың барлығында болады. Кейбір зерттеушілер «Биологиялық сағат» организмнің геофизикалық факторлардың (жердің электр және магнит өрісі, Күн мен ғарыш радиациясының тәуліктік, жылдық, маусымдық қайталануының) өзгеруін қабылдау қабілетіне негізделген деп есептейді. «Биологиялық сағат» тұтас ағзалардың да, сондай-ақ клетка ішіндегі процестердің де дұрыс тәуліктік жұмыс ырғағын басқарады. Ғылымда «Биологиялық сағаттың» сыры әлі толықтай ашылған жоқ.
Био сағат сипаттары
Орта есеппен ғалымдардың айтуынша:
Сағат 1-де адам денесі ауру-сырқауға өте сезімтал келеді.
Адам физиологиясы мен биоритмінің өзара байланыстарына шолу
Сағат 2-де дененің температурасы ең төмен болады. Осы кезде бауыр улы заттарды бір жақтылы етуді тездетіп, тазарту жүргізеді.
Сағат 3-те тамырдың соғуы, тыныс алу рет саны азайып, бұлшық еттер босайды .
Сағат 4-те денедегі барлық органдардың қызметі баяулап, қан қысымы төмендейді. (жалпы таңғы сағат 4 те өлу мөлшері мен туылу мөлшері жоғары болады. Себебі ми бөлімінің қанмен қамдалу мөлшері азаяды).
Сағат 5-те адамның ұйқысы негізінен қанады. Осы кезде қатерлі ісік және басқа сырқат жасушалары бөлінуі біршама тездейді.
Сағат 6-да адамның есте сақтау қабылеті ең жоғарғы шекте болады.
Сағат 7-де бүйрек үсті без гормонының бөлініп шығуы ең жоғарғы өреге жетеді. Қан айналымы тездейді.
Сағат 8-де жыныс гормонының бөлініп шығуы ең жоғарғы шекке жетеді. Сағат 8-10 аралығы бір тәуліктегі есте сақтау қабілетінің жоғарғы шегі.
Сағат 9-да жүректің толық қызметі басталады. Рух көтеріңкі болады. Адамның жұмысқа белсенділігі артады.
Сағат 10-да адамның зейін шоғырландыру қуаты мен есте сақтау қуаты ең жоғары шекте болады. Бұл сәт қызмет істеудің ең өнімді кезі саналады.
Сағат 11-де көздің көру қуаты ерекше жақсарып, жарыққа өте сезімтал келеді.
Сағат 12-де ой қорту қабілеті біртіндеп төмендейді. Сағат 12-13 аралығы түскі ұйқының ең жақсы мезгілі.
Сағат 13-те бауыр тынығып, адам қалжырап шаршағандай сезініп, демалуды қажет етеді.
Сағат 14-те дененің қалыпты гормон бөліп шығаруының салдарынан сезім баяулап, рух салғырттайды.
Сағат 15-18 аралығында дененің температурасы, қан қысымы ерекше өрлейді. Иіс, дәм сезу түйсігінің ең сезгір мезгілі.
Cағат 16-да қандағы қант құрамы көбейеді де, көбінесе өң қызғылт тартады. (Бұл мезгілді ғалымдар суға жүзу рекордын жасаудың тиімді мезгілі деп есептейді).
Сағат 17-де қатерлі ісік жасушаларының бөлінуі ең баяу бөлінетін мезгілі. (Бұл мезгілде спортшылар машықтану мөлшерін еселеп арттыруына болады).
Сағат 18-19 аралығы ұзақ уақыттық есте сақтаудың ең жақсы мезгілі. Сағат 18-20 аралығында есте сақтау қабілеті ең жоғарғы шекке жетеді.
Сағат 20-да дене салмақтың ауырлайтын, сезгірліктің әдеттегіден жоғары болатын мезгілі.
Сағат 21-де күндіз естіп, көрген нәрселер қайталай еске түседі. Ол нәрселерді осы кезде есте сақтауға болады. Оқушылардың сабақ жаттауына тиімді мезгілдерді бірі.
Сағат 22-де талма ауруы жиі қозады.
Cағат 23-24 аралығы зат алмасудың баяу жүрілетін мезгілі. Бұл мезгіл ұйқының тамаша мезгілі.
ІҮ. Бекіту Венн диаграммасын құру
Ү. Бағалау
ҮІ.Үйге тапсырма .Терминдерді жазып келу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.2 Kb |
Количество скачиваний: | 176 |