Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:V-X ғасырлардағы Арабтар.7 сынып

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: §4 V-X ғасырлардағы арабтар

Мақсаты: V-X ғасырлардағы арабтар туралы білу

Оқытушылық – V-X ғасырлардағы арабтарда феоделдық мемлекеттің құрылуы, саяси жүйесі, шаруашылығы және арабтардың бірігуі мен ислам дінінің таралуы туралы толық мағлұмат беру

Тәрбиелік –Оқушыларды адамгершілікке,сынитұрғыда талдау жасатуға,иманды,білімді мәдениеттіазамат болуға тәрбиелеу

Дамытушылық – Оқушылардың білімін арттыру дүниетанымын кеңейту, сұрақтар қою арқылыоқушының ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік: V-X ғасырлардағы Арабтардың саяси картасы, атлас

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. түгендеу.топқа бөлу

Тарих деген не? ой шақыру

Біз орта ғасыр тарихын өтіп жатырмыз.Орта ғасырлар тарихы неше кезеңге бөлінеді?

аерте орта ғасырV-XI

бдамыған орта ғасыр XI- XV

вкейінгі орта ғасыр XVI- X VIIБіз қай кезеңді өтіп жатырмыз.

ІІ. Жаңа сабақ:Сіздерге берілгентермин сөздерге болжам жасап көрейік.

1.Мекке2.Халиф3.Құм

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «V-X ғасырлардағы арабтар»

Тақырып жоспарын таныстырмас бұрын екі топқа ат қойып алайық.:

І. Мекке ІІ. Халиф

1.Ежелгі аарбтардың қоныстанған жері меншаруашылығы, VI- VIIғасрылардағыарабтардыңбірігуі жәнеислам дінінің таралуы ./ Мекке/

2.Араб халифатының құрылуы және феодалдық қатынастар.Халиф

3. Араб халифатының саяси басқару жүйесі Кордова

Сіздерге берілгенбейне материал сіздердің тақырыптарыңызға қатысы бар ма жоқ па оны кейінпайымдай жатармыз. 2 мин

Слайдта картанаңбейнесі турады.

1.Меккетобының жауабы:

1.Араб түбегінің жер көлемі -3млн шм.

2.Жерінің көбін құм басып жатыр.Сусыз жерде адам тұруға қолайсыз.

3.Түбекте ежелжен арабтар қоныстанған.

4.Мал және егін шаруашылығыменайналысады.

5.Қолөнермен саудасы дамыған қалалары Неджран, Мекке,Таиф.

Арабиядафеодалдық күштер дамып, мүлік теңсіздігі тереңдеді, сондай-ақ жаңа жерлерді жаулап алу ірі мемлекет құруға негіз болды.Арабтарды біріктіру идеясын уағыздау кең етек алды.Ислам идеясын таратушы Мұхаммед Пайғамбар (570-632ж) меккеде туып өскен. Мұхаммед Пайғамбардыңдіниуағыздарына қарсы болған Мекке қаласының билеушілері қасиетті қағбаны басып алып, Пайғамбардың қаладан кетуін талап етті. Мекке қаласында өзіне қолдаутаппағаннанкейін Мұхаммед Пайғамбар Арабияның екінші қаласы Ясрибке қазіргі Меккебарып паналауға мәжбүрболды.Сол жерде Медине халқына қолдау тауып, Меккеге қарсыжорыққа дайындалады.Осы жорықта жеңіске жеткен Мұхаммед Пайғамбар Меккені ислам дінінің орталығы деп жариялайды.Ал, қағба мұсылманның Алла алдында шамасы жетсе,дәулетті болса,өмірінде 1 рет парызын өтейтін қасиетті орынға айналды.

2.Халифтобының жауабы:

Меккеқаласын бағындырған Мұхаммед тек діндіғана уағыздапқоймай, мұсылман мемлекетібилігін өз қолына алды.Ел басшысы бола отырып, елді басқару үшін өзінің айналасынадіні кеңесшілердіжинап, ақылдасып отырды.

*Елдің билігі қасиеттіқұран шариғаттары арқылы жүргізілді.

*Жеке меншік мұра ретінде сақталды.

*Ер адам әйел адамнанжоғары бағаланды.

*қолға түскенұрының қолы не саусағы кесілді. 3рет ескертуден кейін

*Жер мемлекетке ,аллаға адал қызмет атқарған адамдарға берілді.

Және олардан Ұшырсалығы жиналып тұрды.*Малшылардан Зекет алынды.

632-633жылдарға дейін Мұхаммед (с.ғ.с.) ислам мемлекетін құрды.

Мұхаммед Пайғамбарөлгенненкейін оның ізбасарларынаХалиф пайғампар ізін жалғастырушы ,жолын қуушы

Сөйтіп араб халифаты деген ірімемлекетті Мұххамедтің серіктері ӘБУ БӘКІР р.ғ,Омар ибн Хаттаб,Осман ибн Аффан,Әли ибн Абу Талиб қалыптастырды.

Араб халифаты

*Иран, Сирия, Иордан, Армения, Египет, Вавилон жерле3н

*648 жылы Солтүстік Африкадағы Ливияны

*711-718 жылдары Гибралтар бұғазы арқылы Пиренецй түбегіндегі Испанияны жаулап алып, Франция жеріне дейін жетті.

Шығыста араб халифаты

*Орта Азия жерін жаулап, Мерв қаласын халифаттың орталығына айналдырады.

*Сөйтіп, Үндістаннан Атлант мұхитына дейінгі жер Араб халифаты мемлекетіне бағындырылды.

*Араб халифаты жаулап алған жеріндегі барлық халықтарға ислам дінін таратты.

Араб халифатының басқару жүйесі.

Барлық бағындырылған жерлер мемлекет меншігіне айналдырылды және де ислам дінін қабылдады. Пайғамбарымыздың билігінен кейінгі 4 халифаттан кейін арабия әлемінде үлкен-үлкен екі ОМЕЙЯ және АББАС дегенәулеттер билік етті.

Араб халифатының саяси басқару жүйесі

Омейя әулеті.

*661-750 жылдары өмір сүрді.

*Жері жағынан ең көбі, үлкені болды.

*Әулеті 5 жергілікті басқару аймағына бөлінді.

*Әр аймақты әмір басқарды.

*Әмірдің 2 орынбасары.Бірі салық жинау мен мәселесімен айналысса,екіншісі діни істермен айналысатын болды.

*Омейя әулеті қоғамдық мекемелер мен мешіттер салуға көптеп көңіл бөлді.Сауда мен қолөнер дамыды.

*Ұзаққа созылғн бақталастықтан Омейя әулеті билігін орнатты.

Аббас әулеті.

*750-1258жж. Өмір сүрді.

*Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Аббастан тарадық дейтін әулет үстемдік еткен 100 жылда халифаттағы феодалдық қатынастар күшейіп, сауда өрістеді.

*Халифат Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды.

*Бұл құрлықтағы халықтардың өздеріне тән тарихы, мәдени, діни ерекшеліктері болды.

*Әртүрлі тілде сөйлеп, өз салт дәстүрлерін ұстанды.

*VIII-X ғғ. Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.Олардың ішінде ірілері:

1.Бағдат халифаты 750-1258жж;

2.Фатимилер халифаты 909-1071жж;

3.Кордова халифаты 756-1031жж;

4.Саманилер мемлекеті 875-999жж;

1258ж. Шыңғыс ханның немересі ХУЛАГУ хан басқарған моңғоләскері Бағдатты басып алды.аббас әулетінің соңғы халифі МУСТАСИМ өлтірілді де, Араб халифаты мемлекет ретінде жойылды.

Жақсы, балалар!Бізге берілген бүтін тақырыпты бөлшектей отырып, қайта құрастырдық.Енді көрілген бейне материалды пайымдап, айырмашылығын ажыратайық.

Бірінші топтың игерген материалына қосымша.

«Жаһилия дәуірі» туралы түсінік.

Хазіреті Омар р.л.ғ. Пайғамбарымыздан кейінгі сахабалардың бірі осы жаһил заманында адамдық қасиеттің төмендеп, надандықтың белең алғандығын есіне түсіре отырып:»екі нәрсе есіме түссе, біріне жылағым келеді, екіншісіне ішек-сілем қатып күлемін»,-дейді.

«Жылайтыным-сол кезде ақымақтығымыз сондай, әйелдеріміз қыз туса тыжырынып, қыз баладан құтылғанша асығып, бейкүнә, мейірімге мұқтаж сәбилерді тірідей көметінбіз. Осы қылығымыз есіме түссе, жүрегім қан жылайды.3 қыздан кейін».

«Күлетінім-пұтқа табынатын едік.Әрқайсысымыздыңүйіміздің төрінде қолдан жасаған пұттарымыз тұратын.Соларға табынып,құрметтейтінбіз. Сапарға шыға қалсақ,пұттарымыздың бейнесін ұннан, құрмадан немесе халуадан жасап,өзімізбен бірге алып шығатынбыз.Жол ұзап қарнымыз ашса, табынып, алдында құрдай жорғалаған жансыз халуа пұттардан кесіп алып жейтінбіз.Осыдан асқан күлкілі оқиға бар ма енді?».

«Адамзаттың асыл тәжі»Д.Өмірзаққызы Алматы, 2003ж.

*Жаһил заманында заң деген болмады.

*Кімнің ұлы көп болса сол күшті болып, билік сонда болды.

*Қыз баланы адам құрлы көрмеді.

*Қызы көп болса билік кетеді деп ойлады.

*Қыз бала тамаққа ортақтасады деген ниетпен туыла салысымен көзін құртуға асығатын болды.

Адам баласының тарихында діннің алатын орны ерекше.Дін бүгінге дейін әрбір адамның бойындағы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қалай әсер етсе, бұдан былай да дәл солай әсер ететін болады.

Дүние жүзіндегі ең беделді діндердің бірі,жер шрындағы халықтардың бестен бірі сенетін ислам дінінің үлкен тарихы бар.

Мекке қаласының шет жағындағы Қағбадан 300 метрдей жердегі Абдуллаһ деген кісінің шаңырағында 571 жылы болашақ пайғамбарымыз Мұхаммед дүниеге келеді.

Мұхаммедке 40 жасында пайғамбарлық келіп, өзін Аллаһтың елшісі екенін жариялап, жаңа ислам дінінің негізін қадайды.

Мұхаммедке Аллаһ Тағаладан Жебірейіл періште арқылы бүкіл адамзатқа тура жолды көрсетуші, Құран Кәрім 23 жыл бойында түсірілді610-632жж..

Онда 114 сүре, 6666 аят бар.

Екінші топтың игерген материалына қосымша:

Мекке қаласын бағындырған Мұхаммед тек дінді ғана уағыздап қоймай, мұсылман мемлекеті билігін өз қолына алды.ел басшысы бола отырып, елді басқару үшін өзінің айналасына діни кеңесшілерді жинап, ақылдасып отырды.

Бүгінгі сабағымыздың қорытындысында мен сіздермен жаңа жоба «Миллион дискі кімге бұйырады?» деген ойын ойнатпақпын. Алты нөлі жоқ миллион дискіні қойылған сұрақтарға ең көп жауап берген оқушы алады.арабша өлеңдердің дискісі

1.Арабтар қандай дінді ұстанып дамытып отыр?

2.Құран-Кәрім қай тілде түскен?

3.Арабтар мен қазақтардың ортақ қасиетін тап.

4.Жәһилиет дәуірі қай ғасырларға дейін өмір сүрді?

5.711-718жж.Арабтар қай елді жаулап алып, қандай мемлекет құрды?

6.Омейя әулетінің билік еткен кезеңі?661-750.

7.Аббас әулетінің билік еткен кезеңі?750-1258.

8.Омейя әулеті неше жергілікті басқару аймағына бөлінді?

9.Әмірдің екі орынбасарлары қандай істермен айналысты?

10.Аббас әулетінің ең соңғы халифы кім?

*Катар ең кіші мемлекет,халқы млн-ға да жетпеді.

*Египет халқы жағынан ең үлкен дамыған мемлекет (пирамида, Бейбарыс 17ж билік құрған)

Жаңа термин сөздер

*Ұшыр- өнім түсімінен берілетін салық

*Жаһилия- надандық

*Халиф- Мұхаммед пайғамбарөлгенненкейін арабтармемлекетініңбасшысы болған оның орынбасарлары

*Халифат- Халифтербасқарған исламдық Арабмемлекеті,оның құрамынакірген елдер.

Сабақтыбағалау:

Бүгінгі сабақта оқушылардың білімін бағалаудыәр топтың еншісіне бермекпін.

Сабақты бекіту.

Бүгін біз V-X ғасырлардағы арабтар тарихымен таныстық. Жалпы алғанда арабтарисламәлемінің орталығы екендігімен,мұнайымен,мәдениеттілігімен,өркениеттілігімен дүниежүзінде ерекшеленді.

Мысалы:Араб елдерінің көбінде түрме жоқ,ғалам проблемасына айналып отырған арақ,наркоттик, СПИД дегенді мүлдем білмейді.

Пайғамбарымызданкейін 4 халиф сахабаөмір сүргендігін,одан кейін ірі Омейя және Аббас әулеттерінің билігі туралы,1258жылы бұл әулеттің де билігі Шыңғыс ханның әскерлерітуралы білдік.

Үйге тапсырма: Араб халифатының жерлерін картаға түсіру.Араб халифатының дамуына үлесқосқан халифаттардың тізімін жазу.Мұххамед пайғамбардыңөмірі,Мекке қаласы туралы әңгіме жазып келу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 52.31 Kb
Количество скачиваний: 45
Просмотров: 267

Похожие материалы