Орыс тілді мектепте мемлекеттік тілді оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мектепте оқытылатын барлық пәндердің маңызы зор, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекше. Орыс тілінде оқытылатын мектептерде  қазақ тілінен сабақ беруде оқушының ойлауы мен тілін дамытуда. Дүниетанымын қалыптастыруда  алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын ұмытпағанымыз жөн. Оның ішінде  әрбір грамматикалық тақырыптардың да қосатын үлес салмағы бары анық. Сонда қазақ тілі грамматикасы  оқытылуының нақты тәрбиелік мүмкіндіктері қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тілі дамуында  үлкен орын ала алады? Жалпы, білім негізі бастауыштан басталатыны барлығымызға мәлім. Қазақ тілін оқыту барысында  оқушылардың өзіндік дүниетанымдық позицияларын қалыптастыруда  тәрбие теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Шығыс халқының «Мың рет естігеннен гөрі бір көрген артық» деген даналық сөзі сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білуге айтылған тәрізді. Тірек – сызба дегеніміз -  көрнекіліктің бір түрі. Көрнекілікті ХVІІ ғасырда чехтың прогресшіл ұлы педагогы Ян Амос Коменский енгізді. Шетел педагогтары Ж.Ж. Русса, И.Г. Песталоцци «көрнекілікті тек арифметика, геометрия сабақтарында қолдану мүмкін» десе, Я.А. Коменский мен оның идеясын қолданушы неміс пелагогы Ф.В.Дистерверг пен орыстың ұлы педагогы К.Д. ушинский «көрнекілікті барлық пәндерде қолдану мүмкін және қажет» деген. Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әділ – тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде  шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда  өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 29 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 131

Похожие материалы